Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру


26 октября 2021, 09:51 | 1 732 просмотра



  Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты Жаркент гарнизонында орналасқан 74261 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жұмыстары жүргізілуде.  

 

 Әскери бөлімде барлық санаттағы әскери қызметшілермен жауынгерлік машиналар парктерінде маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ әскери қызметшілермен техникалық жұмыстар басталар алдындағы нұсқаулық әдістемелік сабақтар өткізілуде. Жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптары, қызмет көрсету тәртібі және қысқы жағдайда техниканы пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.  

 Дайындау және қызмет көрсету бойынша операцияларды орындалу технологиясы, жылдың суық мезгілінде техника мен қару-жарақты пайдалану ерекшеліктері мен тәртібі толық зерделенуде.

 Бұдан басқа, жауынгерлік машиналардың бөлшектерін, салқындатқыш сұйықтарды және сүзгіш элементтерді ауыстыру, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен керек жарақтарды толық жинақтау жүргізілуде.

 Мамандар тораптар мен агрегаттардың жұмысқа істеуін, доңғалақ және көлік техникасын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жарықтандырудың, сигнал берудің, байланыс, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеруде.

  • Техника ақаусыз, кез келген ауа-райына дайын болуы керек. Сондықтан қысқы пайдалану режиміне көшу жұмыстары қызу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жауынгерлік машиналарға сапалы қызмет көрсетіп, қару-жарақтың жай-күйін тексеріп, анықталған ақаулықтарды ретке келтірудеміз», - деді бөлім командирі подполковник Нұрлан Абаев.

Әскери және арнайы техникаларды қамтамасыз ету, қару-жарақтың жағдайын тексеру, ақауларды жою бойынша барлық жұмыстар қараша айының ортасына дейін жалғасады.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев