Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Отан қорғау – басты парыз


25 октября 2021, 12:24 | 1 113 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеруге шақырушыларды қабылдау жұмыстары жалғасуда.

 

Кеше Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жөнінде кезекті комиссия отырысы өтіп, азаматтарды әскер қатарына алу туралы шешім қабылдаған болатын.

Әскерге шақырушыларды ата-аналары мен жақын туыстары шығарып салды. Олармен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бастығы подполковник Болат Омаров кездесті. Әңгіме барысында ол бозбалалардың ата-анасына әскерге шақырудың негізгі міндеттері мен талаптарын толықтай түсіндірді.

Әңгіме соңында балаларға лайықты қызмет етіп, үйлеріне аман-есен оралуларына сәттілік тілеп, Отан қорғаушыларды Қарулы Күштер қатарында азаматтық борыштарын өтеуге шығарып салды.

- Әскерге бару менің бала кездегі арманым болатын. Отанды
қорғау – абыройлы парыз деп білемін. Себебі ел қорғаны бола білу, әр азаматтың міндеті, - деді әскер қатарына шақырылушы Батырхан Жұмаділ.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Абзал Сартаев