Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери кафедра студенттері Президент Жолдауын қолдайды


25 октября 2021, 12:18 | 1 145 просмотров



          Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы әскери кафедра студенттері ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын қолдайды.

 

          Білім ошағының студенттері Президент айқындап берген барлық басымдықтарға тоқталып, жастар мәселесіне көңіл бөлінетін тұстарын талқылап сараптама жасады.

          Әскери кафедра меңгерушісі полковник Ерлан Жанғожаев Жолдауды түсіндіру туралы баяндама жасады. Онда Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасау арқылы, әскери қатерлердің өршуі және соғыс жағдайы енгізілген кезде, мемлекет қызметін жоспарлауды жүзеге асыратынын жеткізді.

          Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта қарауды тапсырғанын және Қарулы Күштер сырттан төнетін қауіп-қатерлерге әрқашан әзір болуы керектігін айтқан болатын.

      

 

 

 

 

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ,Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы