Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскер бала көзімен


25 октября 2021, 12:17 | 1 512 просмотров



Биыл «Айбын-2021» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн режимде өтіп жатыр. Өте тартысты, әрі қызықты бұл жиын еліміздің барлық қалаларында өтуде.

Аталған жастар жиынның «Әскери бөлімге саяхат» шеңберінде, жастардың Отан қорғау мен патриоттық рухын көтеру мақсатында, ел Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне саяхат жасау бекітілген. Аталмыш іс-шараны өткізу үшін, Талдықорған гарнизонына қарасты 54380 әскери бөлімі белгіленді.

    Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан келген «Намыс» әскери-патриоттық клуб бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Думан Билялов қарсы алып, бөлімнің тарихымен таныстырды. Офицерлер балаларға әскерлердің тұрмысын, саптық жаттығуларын, автоматты қалай дұрыс шашып-жинауды көрсетіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

    - Бүгін тобымызбен бірге әскери бөлімге саяхатқа келіп, әскерилердің тыныс-тіршілігімен, бөлімнің тарихымен және әскери тәртіппен таныстым. Болашақта осындай әскери жолды тандай отыра, Отаныма адал қызмет еткім келеді, - дейді «Намыс» тобының
10-сынып оқушысы Абылай Зейдолданов.

Айта кетейік, «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі