Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзекте әскери бөлім күні аталып өтті


25 октября 2021, 11:00 | 1 047 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан шабуылдау бригадасының құрылған күніне орай, ауқымды іс-шара өткізілді.

Ерлікке толы бұл шабуылдау бригадасының тарихы өте бай. Бөлімнің жауынгерлік жолы 1945 жылдан басталған. Кеңес дәуірі кезінде 372-ші Қызыл ту мотоатқыштар дивизиясының құрамына кіріп, нөмірі 21 жеке танк батальоны болған.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жаңғырту шараларының негізінде бөлім Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамына кіріп, шабуылдау бригадасы аталды.

Салтанатты шара басында бөлімнің алпыс жылдығына арнап тұрғызылған ескерткіш тасына гүл шоқтарын қойды және майданда қаза болған батырларды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариаланды.

Сондай-ақ бөлімнің саптық алаңында әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, Мемлекеттік туы желбіреп биікке көтерілді.

Аталмыш шараға Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Ауған соғысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев, бригада командирі полковник Ержан Ембергенов, Сарыөзек гарнизонында орналасқан басқа да әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары және әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты.

Олар әскери бөлімнің жеке құрамдарын айтулы мерекелерімен құттықтап, Отан қорғаудағы істері мен еңбектеріне сәттілік тіледі.

Шара барысында бригада командирі полковник Ержан Ембергенов жеке құрамды аталмыш мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. Сонымен бірге әскери қызметтегі кәсіби шеберліктері мен мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындықта үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттармен және мақтау грамотамен марапатталды.

  • Біздің әскери бөлім өзіне артылған зор сенімді абыроймен атқарып еліміздің Қарулы Күштерінің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді. Барлық жеке құрамды айтулы мерекесімен құттықтаймын, - деді шабуылдау бригада командирінің орынбасары подполковник Айдос Мальтаев.

Шара жеке құрамның дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалауымен аяқталды.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Абзал Сартаев