Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстан мен Өзбекстан нутрицологтары «Бауырыңды жақсы көр» тақырыбында тікелей эфир өткізді


25 октября 2021, 10:34 | 867 просмотров



  • Бауыр аурулары ВИЧ-инфекция, малярия немесе туберкулезден де асып түсіп, шамамен бір жарым миллион өмірді жалмайды.
  • Бауыр аурулары еш симптомсыз өрбуі мүмкін.
  • Қазақстандықтардың 40%-дан астамы бауырдың алкогольдік емес май басу ауруына ұшыраған.


АЛМАТЫ/ҚАЗАҚСТАН – 18 қазан, 2021 – Өзбекстан нутрицологы әрі фитнес тренер Татьяна Аллаберганова мен қазақстандық нутрицолог әрі диетолог Аяла Қонақбаеваның қатысуымен қалың көпшілікке арналған бауыр саулығын қорғау және ауруларының алдын алу тақырыбында тікелей эфир өтті. Бұл шараны халықтың бауыр ауруларына назарын аудартып, сауатын көтеру мақсатында Санофи компаниясы ұйымдастырды, өйткені қазіргі әлемде түрлі жастағы халық арасында бауыр аурулары жиілеп барады, алайда ол аурулар ешқандай сиптомсыз өрбуі де мүмкін. Бауырда жүйке талшықтары болмайды, демек, барлық жайсыз әрі ауырсыну сезімдері дерттің соңғы кезеңінде ғана білінеді. Соған орай, бауырдың дұрыс жұмысы үшін оның ауруларының алдын алу, уақытылы тексеріліп тұру және өзекті ақпарат алу бауыр саулығы үшін қажеттілік болып табылады[1].

 

Қазіргі кезде ауыр вирустық гепатиттерді қосқанда, бауыр аурулары жылына бір жарым миллионнан астам адамның өмірін жалмап отыр – бұл ВИЧ-инфекция, малярия мен туберкулез көрсеткіштерінен де жоғары[2].

 

Республикалық Денсаулық сақтауды Дамыту Орталығының 2019 жылғы ресми статистикалық мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда 35,1 адам вирустық гепатитпен, халықтың 40%-дан астамы бауырдың алкогольдік емес май басуы (НАЖБП) ауруымен ауырады екен, ол бүкіл әлемде бауырды ауыстырудың екінші орындағы себебіне (әйелдер арасында бірінші орындағы себеп) әрі жылдам өршіп жатқан себебіне айналып отыр. 

 

Бұл органның қайта қалпына келуге қабілеті зор болғанымен, бауыр аурулары мәселелерінің ең жиі кездесетін себебі – генетикалық бейімділік, дәрілердің ықпалы, улы нәрселерді ұзақ пайдалану, инфекциялар мен паразиттер, сонымен қатар дұрыс тамақтанбау мен аз қимылдау болып отыр.

 

«Бауырыңды жақсы көр» эфирінің аясында сарапшылар дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікті ұстану арқылы бауыр ауруларының алдын алудың маңызын түсіндірді, сонымен қатар анағұрлым салауатты өмір салтына көшкен кезде айналадағылардың қолдауының қаншаықты маңызды екенін әңгімелеп берді.  

 

Тікелей эфирдің жазбасын мына сілтемеден көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=mWPZKaEVQDY

 

Жыл сайын Санофи компаниясы бауыр аурулары бойынша сауатты арттыруға және оларға назар аудартуға арналған білім беру бастамалары мен әлеуметтік жобаларды іске асырады.

 

«Біздің компаниямыз барынша көбірек адамға сау әрі қуатты өмір сүру мүмкіндігін ұсынуға талпынады. Бауыр саулығы – осы мақсаттың маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі күні, терапиялық шешімдер мен медицинаның қолжетімділігіне қарамастан, бауыр аурулары адамдар өмірінің сапасын төмендетіп отыр. Сондықтан, сауаттылық деңгейін, бауыр аурулары туралы білімді көтеру, дәрігерге уақытылы қаралу мен тұрақты тексерілуден өтіп тұру аса маңызды болып табылады», - деп атап өтті Орталық Азия СНС бас менеджері Қуаныш Оспанов. 

                                                                                                                                             

Санофи компаниясының тағы бір білім беру жолындағы бастамасы pechen-kz.com порталы болып табылады, онда бауыр ауруларының симптомдары, диагностикасы және емделуі туралы мәлімет алуға болады.  

                                                                           

 

  Санофи туралы

 

Санофи жаһандық биофармацевтикалық компания, оның миссиясы – денсаулығында түрлі кінәраты бар адамдарға қолдау көрсету. Біздің вакцциналардың көмегімен адамдарды аурулардан қорғауға тырысамыз, ал біздің дәрілеріміз көптеген аурулардың өрбуін жеңілдетуге және сирек те кең таралған созылмалы аурулары бар науқастардың өмір сапасын көтеруге көмектеседі.

 

Әлемнің 100 елінде Санофидің 10 мыңнан астам қызметкері күн сайын ғылыми жаңалықтарды денсаулық сақтау саласында нақты шешімдерге айналдыру жолында еңбек етіп жатыр.

 

БАҚ үшін байланыс:
Санофи Қазақстан

Байланыс бөлімінің басшысы  

Надежда Лабодовская

Тел.: +7 (701) 788-45-32

E-mail: CentralAsia.Communication@sanofi.com

www.sanofi.kz 

 

 

 

 

[1] Дереккөз: РУ газеті [Электрондық ресурс]. – Қол жеткізу жолы: https://www.gazeta.ru/science/2016/04/02_a_8152163.shtml Бауырды тазарту – қауіпті қателік – Іздеу күні 25.02.2017

[2] Дереккөз: https://www.who.int/ru/campaigns/world-hepatitis-day/2020                                                         

Автор:
Санофи баспа сөз қызметі