Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Профилактика - адам денсаулығына арналған кешенді тәсілдің негізі


22 октября 2021, 11:03 | 2 119 просмотров



Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауындағы денсаулық сақтау тарауы «Денсаулық – басты байлық» деген сөздермен бастау алады. Денсаулықты сақтауда табысқа жетудің кілті - профилактика.
АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерінде елдер дәлелдемелерге негізделген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әзірлеген Халықаралық ұсынымдарды басшылыққа алады.
Қазақстанда АИТВ жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралардың 11 негізгі бағыты іске асырылуда, оған мыналар кіреді:
1. ЕКТ (АИТВ-ға ерікті кеңес беру және тестілеу);
2. Шприцтерді тарату / айырбастау;
3. Қолдаушы алмастырушы терапияны ұсыну; налоксон;
4. Презервативтерді тарату;
5. Оқыту және ақпараттандыру;
6. Жанасуға дейінгі және кейінгі профилактика
7. Антиретровирустық терапия (АРТ)
8. АИТВ-ның анадан балаға берілуінің профилактикасы
9. Туберкулезді (ТБ), жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ), гепатиттерді емдеу;
10. Кешенді әлеуметтік қызметтер (заңгерлік, психологиялық, жұмысқа орналастыру, паллиативтік көмек және т. б.);
11. Медициналық қызметтерді алу үшін халықтың негізгі топтарын қайта бағыттау: есірткі диспансерлерінде, орталықтарда оңалту, аралас инфекцияларды емдеу және т. б.
Қазір ДДҰ/ЮНЭЙДС жоғарыда көрсетілген ұсынымдарының барлығы дерлік іске асырылды және жүргізіліп жатқан жүйелі профилактикалық шаралардың нәтижесінде Қазақстанда АИТВ инфекциясының таралуы бойынша жағдай тұрақтанды және ДДҰ бағалауы бойынша шоғырланған сатыда ұсталып тұр (орташа әлемдік көрсеткіш 1,1% болған кезде халықтың 0,2%).
2020 жылы ҚР азаматтарының АИТВ-инфекциясына тестілеу көлемі жылына 3,0 млн. тесттен асып, 13,4%-ды құрады. Халықтың негізгі топтарын алдын алу бағдарламаларымен, тестілеумен, оның ішінде экспресс-әдіспен қамту ұлғайды. Үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, мемлекеттік қызметтердің әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (ҮЕҰ-ға жедел тестілеуді енгізу, өзін-өзі тестілеу, көмекшіленген тестілеу және т.б.).
Пенитенциарлық жүйеге профилактикалық бағдарламаларды енгізудің арқасында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жағдайларды есепке алу деректері бойынша АИТВ таралуы 3,6%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта аймақтық ЖИТС орталықтары АИТВ, туберкулез, вирустық гепатиттер, ЖЖБИ диагностикасын жүргізуде және АРТ мониторингін жүзеге асыруда.
Халықтың негізгі топтары үшін «зиянды азайту» стратегиясының бағдарламалары 2001 жылдан бастап мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналды және оларды мемлекеттік қаржыландыру қамтамасыз етті. Сондай-ақ ҮЕҰ, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ЖИТС-сервистік ұйымдарды мемлекеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілді.
Қазақстанның 10 өңірінің 15 сайтында қолдаушы орынбасушы (метадондық) терапия бағдарламасы енгізілді. АОТ инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдарды қоғамға қайтаруға, денсаулық жағдайын тұрақтандыруға, заңсыз есірткіден бас тартуға, қылмыстектілікті төмендетуге және АИТВ-инфекциясы мен гепатиттердің туындау қаупін азайтуға, АИТВ және ТБ емдеуге бейілділікті арттыруға ықпал етеді. АОТ-дағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) 91%-ы АРТ қабылдауда және вирустық жүктеменің төмендеуі АӨА-дың 96%-ында байқалады.
«Зиянды азайту» стратегиясына сәйкес есірткі заттарын тұтыну кезінде АИТВ-инфекциясының берілуінің алдын алу үшін шприцтер, презервативтер мен любриканттар беріледі.
АИТВ–ның берілу жолдары және халық пен жастар арасында алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру дәрістер, бұқаралық іс-шаралар, кампаниялар мен науқандар, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау, аудио және бейнероликтер тарату, теледидар мен радиода хабарлар арқылы жүргізіледі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске алғаш рет жанасуға дейінгі профилактика (ЖДП) және жанасудан кейінгі профилактика (ЖКП) ресми түрде енді және бүгінгі күні ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
Бүгінде Қазақстанда АИТВ инфекциясын емдеудің барлық әдістері мен ДДҰ ұсынған препараттардың негізгі схемалары қолданылады. 2009 жылдан бастап АРВ-емдеу мемлекеттік қаражат есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі, ал балалар тек брендтік препараттарды қабылдауда.
АРВ терапиясының тиімділігін, зертханалық сүйемелдеуді, бейілділікті бақылауды қадағалау үшін жаңа технологиялар енгізілді. Орталық Азия өңіріндегі жалғыз Қазақстан Республикасында емі тиімсіз пациенттер үшін антиретровирустық препараттарға АИТВ-ның дәрілік тұрақтылығын анықтауға генотиптеу жүргізіледі, бұл емдеуші дәрігерлерге оның тиімділігін арттыру үшін емдеу схемасын уақтылы өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елде эпидемияның даму заңдылықтарын анықтау, АИТВ-инфекциясының диагностикасын жетілдіру үшін Қазақстан аумағында айналатын АИТВ штаммдарының субтипін анықтау жүргізілуде. ДДҰ-ның «Тестілеу және емде» стратегиясы сәтті түрде жүзеге асырылуда. АӨА консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында телемедицинаның жетістіктері пайдаланылуда.
Жүргізілген жұмыстар АИТВ–мен өмір сүретін адамдарды (АӨА) антиретровирустық терапиямен қамтуды 2020 жылы 73%-ға дейін, емдеу тиімділігімен-84%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
АРВ-терапияға қолжетімділіктің артуы нәтижесінде АӨА ЖИТС-тен өлім-жітімінің көрсеткішін төмендету бойынша үрдіс байқалады: 2005 жылы 1000 АӨА-ға 16,1-ден 2020 жылы 10,0-ға дейін, бұл жағдай АӨА өмір сүру ұзақтығын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуде.
АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында Қазақстанда кешенді бағдарлама енгізілді:
- жүкті әйелдерді ерікті негізде 2 рет жоспарлы тестілеу;
- босанудағы әйелдер консультацияларында диспансерлік есепте тұрмаған жүкті әйелдерде АИТВ инфекциясының экспресс-диагностикасы;
- АИТВ-ның оң статусы анықталған жағдайда әйелге және жаңа туған нәрестеге профилактикалық ем тағайындау.
Жүкті әйелдерді АРВ-профилактикасымен қамту 2020 жылы елде 98%-ға дейін, ал АИТВ-оң аналардан туған нәрестелерді қамту 99,6%-ға дейін ұлғайды. АИТВ жұқтырған аналардан туылған барлық балалар тамақтандыруға арналған тегін бейімделген сүт қоспаларымен қамтамасыз етіледі. Іске асырылып жатқан іс-шаралардың нәтижесі 2020 жылы перинаталдық трансмиссия деңгейінің 0,5%-ға дейін айтарлықтай төмендеуі болып табылады.

Автор:
Ирина Петренко,ҚР ДСМ ҚДИАҒО директорының орынбасары.