Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ақылдың кені, рухани байлық бұлағы


15 октября 2021, 05:37 | 1 791 просмотр



Кітап адам өмірінде, оның қалыптасуында ерекше орын алады. Соның ішінде жасөспірім балалардың ой-өрісінің кеңеюіне, дамуына кітаптың қосар үлесі зор. Сондықтан да данагөй халқымыз «Кітап – білім бұлағы, Білім -өмір шырағы» деп бекер айтпаған. Қалың оқырман қауымды күн санап технологияның дамыған заманында, интернет – ақпарат кеңістігінде қалып қоймай кітапханаға тартудың өзі үлкен іскерлікті қажет етеді.

Қазіргі таңда мектеп жасындағы балалар компьютердің құлағында ойнап, кей – кезде кітап оқуға деген қызығушылығы мүлдем болмай қалып та жатады. Ал, кітап қай заманда да адамның рухани азығы. Соған байланысты аудандық кiтапханада, Балалар әдебиетi жылына орай «Кітаппен бірге жаңа әлемді ашамыз» атты тақырыбында ашық аспан аясында библиодесант өткізілді. Балалардың уақытын тиімді ұйымдастыруда кітапхана ресурсын пайдалана отырып интеллектуалды-танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру, Кітапханаға түскен жаңа балалар әдебиеті, танымдық энцеклопедиялар, балалардың мерзімді басылымдарымен таныстыру; кітаппен «дос» болуға насихаттау және балардың кітапқа деген қамқорлығын ояту, кітапты таза, ұқыпты ұстауға, кітап түптеуге үйрету.
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі әдеби кешіміз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітапқа арналады. Балаларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысты. Сонымен қатар өздеріне ұнаған кітаптар мен басылым беттерін оқып, қызығушылықтарын көрсетті.Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап – білім бұлағы,білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Шара соңында кітапханашы кітаптарды таныстырып, балаларға жұмбақ жасырды, балалар жұмбақ шешіп, белсене қатысып , кітапханадан қызықты кітаптарын алып қайтты.

 

Автор:
А.Аля