Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТҮЗУ ЖОЛҒА САЛУ МІНДЕТІМІЗ!


15 октября 2021, 05:36 | 1 238 просмотров



Ағымдағы жылы Қаратал аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Әділет капитаны Амангелді Оразбаев пробация қызметінің есебінде тұрған азаматты, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақжайық Кілтбаевамен жұмыссыз А.Бабиковқа жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестер берді.

Бұған дейін жұмыссыз А.Бабиков 2021 жылдың 20 сәуірінде жеке қабылдауда болып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға ниет білдірген болатын. Алайда осы күнге дейін жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш бермеген. Атап айтқанда, пробациялық бақылауда есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, заман талабына сай әртүрлі мамандықтар алу, тегін медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жиі кездесу жұмыстарын өткізу қажеттілігін атап өтті. Аудандық пробация қызметінде есепте тұрған және түзеу мекемесінен босатылған азаматтар ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылады. Пробация қызметі есебінде тұрған азамат «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы тұрақты жұмысқа жолданды.

 

Автор:
А.Аля