Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕЛІ ҚҰРМЕТТЕГЕН АБЗАЛ ЖАН


15 октября 2021, 05:25 | 1 168 просмотров



Дәрігер деген кең ұғым, қадірлі мамандық, мәртебесі қашанда биік тұрады.. Аумалы - төкпелі бүгін бар, ертең жоқ, қызығы естен кетпес мынау жарық дүниеде адамның басты байлығы денсаулығы . Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса бірден дәрігерге жүгінеміз. Дәрігер науқасқа денсаулық пен қуаныш силайды, емдеуге келмейтін ауыруды емдейді, дертіңе дауа, жаныңа шипа береді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнаған абзал жандар қаншама?...

Солардың бірі Акимжанова Күләш апа. Күләш апа 1941 жылы күрең күздің естен кетпес сәтті күні қазан айының 17 жұлдызында шырайлы Шығыстың Тарбағатай ауданы Киров колхозында қарапайым отбасында дүниеге келеді. 1949 жылы Ақжар орталығындағы Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің 1 сыныбына оқуға барады. 1960 жылы Абай атындағы орта мектебін ойдағыдай бітірген соң, 1961 жылы Өскемен қаласындағы мед учелищенің фельщер-акущер бөліміне оқуға түседі. 1964жылы қолына дипломын алып туған ауылына оралады.1965 жылы Ақжар аудандық ауруханасының табалдырығынан операционный медсестра болып алғашқы еңбек жолын бастайды. Жас дәрігер аз уақыт ішінде өзін нағыз маман ретінде танытып үлгереді.
Нәзік жанды қаршадай қыз жұрттың тәнін ауыртпай укол да салады.Тағдырдың тауқыметі адамды ерте есейтеді ғой жас болса да іске бейім ұқыпты қағылез қыз емделушілердің көңілінен шығып, ілтипатына бөлене бастайды. Тұлғасы бөлек, болмысы ерекше жан әркез емделушінің тәнін ғана емес , дәрімен де, жылы сөзбен де, жанын да емдейтін сүйікті жанға айналады. Бұл қолы жеткендер ғана игеретін лайықты іс. Өмірдің өзіндік сынағынан сүрінбей өтіп,үлкен жауапкершілікті сезінген жандар ғана өзгенің өміріне қол ұшын беріп,адами қасиетін жоғалтпай бар мейрімін науқас жанға арнайды.
«Ақ желекті абзал жан» десе дегендей нағыз майталмандар, өз ісітерінің шеберлері, талай жанға тіршіліктің нәрін, жарық дүние силаған,кез келген науқасқа үміт беріп, ісімен ғана емес жүрегімен емдейтін Гарапов Алексей Күленович, Сәуле Зарипова, Минаш Медеубаева, Ерна Федерова, Семен Шериязданов сияқты абзал жандармен бір салада еңбек еткенін Күләш апа әркез есіне алып, мақтаныш етеді. Осы ортада талай қиюы қиын істерді меңгеріп,дәрігерліктің сан түрлі баспалдағынан өтіп, ақ желек өз иесін тапқандай тәжірибе жинайды.1966 жылы Қазақстан совхозының Ахметбұлақ фермасына фельшер болуға ұсыныс түседі.
Жүрексініп тұрса да отбасылық жағдаймен баруға тура келеді өйткені жолдасы Қасенов Тоқтаубек «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы 8 жылдық мектепке мұғалім болып орналасады.Ахметбұлақ елді мекеніндегі ауылдық учаскелік медпунктте жалғыз өзі еңбек етеді.1970 жылдардан бастап елді мекенге « Күзгүн», «Туайт», «Камсомол» үш застава қарайды. Қасына көмекшіге санитарка болып Ибраева Жәмилә келеді. Ауыл дәрігерінің еңбегі қашанда қиындыққа толы болады ғой, қолайсыз ауа райы , тынымсыз жұмыс, түрлі ауруды емдеу өзі емдеп, керек десе сынық та салып, әйелді де босандырып, дүниеге келген сәбидің кіндігінде де өзі кесіп бәріне- бәріне үлгеріп, арасында заставадағы шекарашыларға да көңіл бөліп, әмбебап дәрігер болып алады.
Ауыл адамдарының сенгені соншалық шалғай аудан орталығына бармай –ақ «Күлекеңе» жүгінеді. « Қолы дуалы,емі шипалы»-деп беделін үстем етеді. « Ана бір қолымен бесік тербетсе,бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей Дәрігерліктің қыр- сырын меңгере жүріп, отбасының да ұйтқысы болып адал жар ,аяулы ана өмірге әкелген бір қызы мен бес ұлын мәпелеп өсіріп, жеткізеді. Жаны нәзік, жүрегі жылы жан қолынан шығарып салған анасы Назия апаға айтар алғысы шексіз. «Қасымда тірегім, тілікшім анашым болмағанда бұлай жұмыс жасай алмас едім, бала-шағамды анам бағып өсірді, үйге келсем ас-суым да дайын тұрды ол кісі барда ештеңеге алаңдамайтынмын»- деп анасын жиі есіне алып отырады. Ағайын-туыс жекжаттармен де қоян қолтық араласып, бәріне қолдан келгенше көмектесіп отырады. «Ахметбұлақтың бар баласы менің балам, өйткені олардың кіндігін өзім кесіп , анасын да баласын да аман-есен босандырып, өзім көтеріп алдым »- дейді Күләш апа.
Ал сол жылдары дүниеге келген сәбилердің көпшілігі қазір шалғай тұрса де Күләш апаларына құрметпен жиі хабарласып, сәлем беріп тұрады. Ауыдың адамдары бір –бірімен жақын туыс, қимас ағайын болып кетеді ғой. Жақсы адамның досы да көп болады емес пе? өмірі шаңырағынан қонақ арылмайтын, дастарқаны ертелі-кеш бір жиылмайтын ел силаған ынтымағы жарасқан отбасының берекесі қарапайым жан еліне қырық жылдан астам жемісті еңбек сіңіреді. « Жақсы адам – қазына» -дегендей еліне сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ . Қай заманда болса да жоққа жасымай, барға тасымай,үнемі қарапайым қалпында мейрімін төгіп жүретін, Алла ризық еткен несібесін көппен бөлісуге асығатын, бар ғұмырын елінің өркендеуіне арнаған ардақты жан бірнеше мәрте Облыстық, аудандық марапаттарға ие болады, «Құрмет тақтасына» шығады.
Талай жыл бірге қызмет атқарған әріптестері мен жерлестері абзал жанды ілтипатпен, зор құрметпен 1991 жылы зейнеткерлікке шығарып салады. Зейнетке шығысымен ару Алматыға кенже ұлы Сымбатының қолына келіп, ауылдағы немерелерін оқытуды қолына алады.
Алматыда да бос отырмай он үшінші поликлениканың лобатоториясына жұмыс істейді. Қуанышы мен шаттығын көппен бөліспесе көңілі көншімейтін ардақты апамыз биыл сексен жасқа толады.Өмірінің ағы мен қарасын теңдей еңсере білген, көптің алғысына бөленген аяулы ана,мейрібан әже,әулетіміздің алтын қазығы ақ апамызды әркез мақтан тұтамыз.Әжеміздің еңбек жолын жалғап, ізін куған жас дәрігерлер Гүлжан қызы мен Назира немересіне деген ілтипаты ерекше. Оларды жақын тартып,ақыл-кеңесін айтып, баулып отырады. Апамыздың бойындағы асыл қасиеттері бізге үлгі-өнеге.
«Әрбір адам өзінше бір құбылыс,еш уақытта толық зерттеп бітпейтін тақырып»-деген грек ойшылы шынында да Күләш апамыздың өмір жолы, шынайы болмысы, қажырлы еңбегі көпке аян. Студент кезімізде апамыздың тәлім-тәрбиесін көріп , қолында болдық. Біздер келгенше байыз таппай алаңдап,біздің қамымызды ойлап отыратын. Шүкір, бүгінде сексенге келсе де өзін ширақ ұстайды.ол да бір еңбектің арқасы шығар. Әулетінің ырысын шалқытып , сексенге аяқ басқан апамызға шын жүректен алғысымыз шексіз. Бақытыңыз баянды болып, мәуелі бәйтеректей айналаңызға шуағыңызды шашып, ұзақ ғұмыр кешіңіз,жарық дүниенің бар жақсылығын тілейміз.

Өмір көші керуеніне, ілесемін толғанып,
Өзіңізбен өткен күнді бір сәт отымын ойға алып.
Жетелеп жүріп жеткізген балаларыңның арқасы,
80 жасыңыздың отырғаны тойланып .
Атқардыңыз игі істерді әр күнде ерен,
Жастығыңмен жарасып шат күніңмен
Талайдың жанын емдеп шапағатпен,
Сан жанның үміт отын жақтың білем.
Тағдырдың тауқыметімен өрлегенде
Кезің болды қиналып терлегенде,
Бүгінгі қуанышыңыз құтты болсын,
Сексенге келген де бар келмегенде.
Жақыныңмен бірге жүрсең жарасады,
Қабағыңа көңіліңе қарасады
Кіндігін кесіп, дүниеге әкелген,
Ахметбұлақтың бар баласы «шеше»- деп таласады.
Белгісі бар шаттықтың өткеніңде,
Мәуелі бәйтеректей көктедің де
Немереңді әлдилеп, шөбереңді,
Ақ әже боп отыршы ақ төріңде.,
Ұзақ өмір жасаңызшы шаттанып,
Берекеңіз арта берсін бақ дарып,
Сендей асыл анасы бар біздер де
Жүрейікші мәңгі бақи мақтанып.

 

Автор:
Ізгі тілекпен:немереңіз Самал Каримова