Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тың идеялар иелері анықталды


15 октября 2021, 05:15 | 1 242 просмотра



Ағымдағы жылы «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Әйелдерді қорғау, құқықтық, қаржылық, экологиялық білімдерді беру, салауатты өмір салтын насихаттау, аула клубтарының жұмыстары – бұл қоғамдық ұйымдардың негізгі бағыттары. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі мемлекетіміздің қоғамдағы әлеуметтік жағдайға бей-жай қарамайтын мақсатты жандарын жинап отыр.

Бұл кәсіби бірлестіктер үшін - байланыс пен білім алаңы. Алматы облысының барлық өңірлерінен келген жәрмеңкенің 500 ден астам қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, түрлі мәселелерді талқылап, идеяларымен бөлісіп, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік алды. Байқау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаз-ұйымдар анықталып, жәрмеңке барысында әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады. Байқау екі кезеңде, келесі номинация бойынша өтті:
- «Тең мүмкіндіктер қоғамы»;
- «Әлеуметтік кәсіпкерлік»;
- «Қоршаған ортамен үйлесімде»;
- «Ауылдық өмір»;
- «Жастарға бастау». 2021 жылы өткен Байқауға 50 астам өтініштер түсіп, арнайы критерийлер бойынша ең үздік 10 жоба анықталды.Яғни, жалпы Қоры – 10 000 000 теңге, оның ішінде 1 000 000 теңгеден 10 жоба. Шара модераторы: Алматы облысы ҮЕҰ консалтинг орталығының жетекшісі Тулемисова Жанат Ерхановна болды. Жеңімпаздарды - Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Есдаулетов Рахмет Разбекович марапаттады. Осындай жеңіске жеткен Қаратал ауданы жастарының *Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы қанжығасына байлады.

Автор:
А.Аля