Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда онкүндік өтті


13 октября 2021, 10:17 | 355 просмотров



Талдықорған гарнизонында «Әскери антыңа адал бол» онкүндігі аясында жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.

Онкүндіктің мақсаты – алдағы уақытта әскери қызметшілердің арасындағы жарғыға сай емес қарым-қатынастардың алдын алу, әскери ұжымдарды біріктіру үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін барынша арттыру және атқарып жатқан қызметіне адал болу.

54380 әскери бөлімінде өткен іс-шараға Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет майоры Баян Акремжанова және әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет майоры Юрий Скорых келіп, жеке құрамға жарғы талаптарын, өзіне жүктелген міндеттерін орындамаған, қызметтен жалтарған, әскери антты бұзған тұлғалардың жауапкершілікке тартылатыны жайлы мысалдар келтірді.

-  Әрбір әскери қызметші өзінің әскери борышын, өз Отанын қорғаудағы жеке жауапкершілігін сезінуі және антына адал болуы керек, - деді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Думан Блялов.

Әскери антқа беріктік сөзден гөрі іспен айқындалары анық. Нәтижесінде бөлімнің жеке құрамы мұны осындай іс-шаралар арқылы ұғынатын болады.

– Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті болып табылады. Ант берген соң, антқа адал, еліміздің патриоты болып,  Отанға мүлтіксіз қызмет ете берейік, - деп, қарулас достарына жігер берді бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі кіші сержант Ерлан Дөкенов.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі