Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Терроризм мен экстремизмге жол жоқ


12 октября 2021, 05:47 | 1 544 просмотра



Ағымдағы жылдың 8 қазан күні, Талдықорған гарнизонындағы 54380 әскери бөлімінде «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары Рустам Ержанұлы және Ақжол Маратұлының қатысуларымен «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты әскерилермен кездесу өткізілді.

Шара барысында қатысушыларға Ислам дінінің тарихи маңызы мен қазақ руханиятындағы алатын орны жайлы және де жат ағымдарға ермеудің алғышарттары мен олардан келетін қауіп-қатерлер жайлы сөз етіп, адамзат өміріне діннің маңыздылығына тоқталып, жастардың діни сауатына аса мән беру керектігін жеткізді.

Одан бөлек, қандай да бір ақпаратты аларда оны ой иелегі мен сана сүзгісінен өткізу қажеттілігін түсіндірді. Алдағы уақытта қандайда бір діни сұрақтары туындаған жағдайда Алматы облысы бойынша құрылған сенімді телефонына хабарласып, дінге қатысты толғандырған сұрақтарына жауап алалатынын жеткізді.

Сондай-ақ, шара барысында «Террористік актілер және олармен күрес» тақырыбында әзірленген бейнеролик көрсетіліп, терроризм мен діни экстремизм және деструктивті діни ағымдар туралы толық түсінік берілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

Алдағы уақытта да көпшіліктің көңілінен, зердесінен орын алатын бастамалар мен шаралар өз жалғасын табатын болады.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы