Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзекте «Қарттарға құрмет» акциясы жалғасын тапты


12 октября 2021, 04:40 | 1 337 просмотров



Сарыөзек гарнизонындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілері «Қарттарға құрмет» атты апталық жариялады.

Іс-шараның басты мақсаты ардагерлерге, жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен егде жастағы мүгедектерге көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.

Бөлімнің әскери қызметшілері аудандағы ардагерлер мен қариялардың шаңырағына барып көмектесіп, сыйлықтарын табыстады. Соның бірі ауданның құрметті тұрғыны Евгения Стрелковая мен Өмірбала Ғалиева.

Ал, ардагерлер әскери қызметшілермен шер тарқатып, шүйіркелесуге мүмкіндік туғанына дән риза болды. Сондай-ақ әскери қызметшілер қариялардың естеліктері мен оқиғаларын тыңдап, өздеріне керек кеңестерін де алды.   

 - Бүгінгі таңда қарттарға мейірімділік пен қайырымдылық көрсетудің маңызы айрықша. Бізде осындай сипаттағы шаралар, дәстүрге айналған. Тек мереке күндері ғана емес, басқа уақыттарда да қазыналы қарияларға көңіл бөлудеміз, – деді ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Болат Омаров.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы