Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дивизияға 80 жыл


11 октября 2021, 04:00 | 348 просмотров



Сарыөзекте 68-ші Қызыл тулы Новгородтық мотоатқыштар дивизиясының құрылғанына 80 жыл толу мерекесіне орай іс-шара өткізілді.

1941 жылы құрылған бұл дивизияның құрамы және атауы соғыс жылдарынан кейін екі-үш мәрте өзгертілді. Осы 68-ші Қызыл тулы Новгородтық мотоатқыштар дивизиясының құрамынан қаншама генералдар тәжірибе алып, жоғары басшылықты басқарды. Бұл дивизия ұрыс даласында да, майданда да өздерінің ерекшеліктерімен таныла білді.

Бүгінгі таңда сол майталман ерлеріміздің арқасында тәуелсіз ел болып, көк туымыз желбіреп, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқан жайымыз бар.

Іс-шара басында Қызыл тулы Новгородтық мотоатқыштар дивизиясының мерейтойының құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ майданда қаза болған батырларды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариаланды.

Келген қонақтар мен ардагерлер бөлімнің күнделікті өмірімен танысып, әскери бөлімді аралады. Сонымен қатар, әскери қызметшілер мен қонақтарға мақтау қағаздары табыс етілді.

– Мен осы атаулы дивизиада отыз жылдай қызмет еттім. Дивизианың тарихы мен еңбек жолдары туралы айтар маңызды мәліметтер көп. Отандастарымды және әріптестерімді бүгінгі айтулы мерекесімен құттықтаймын. Ата-бабаларымыздан қалған жерді аманат деп, көздің қарашығындай сақтау – баршамыздың борышымыз, – деді Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері отставкадағы полковник Бастеми Жантемірұлы.

Сонымен қатар келген ардагерлер бөлім мұражайының көрмесімен танысып, құрмет кітабына естелік қол таңбаларын қалдырды.

Шара құрметті қонақтарға арналған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Автор:
майор Абзал Сартаев