Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзек гарнизонында қорытынды тексеру басталды


8 октября 2021, 04:35 | 1 283 просмотра



Оқу жылының аяқталуына байланысты Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінде қорытынды тексеру басталды.

Оның басты мақсаты – жеке құрамның машығын, бөлімшелер басқармаларының нақты жауынгерлік даярлық деңгейін, бөлімшелердің қойылған міндеттерді қысқа мерзімде орындауға дайындығын жан-жақты тексеру, сондай-ақ жауынгерлік даярлық деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін бағалау.

Әрбір әскери қызметші бөлімше құрамында барлық оқу пәндері бойынша, оның ішінде мемлекеттік-құқықтық, оқ ату, тактикалық, арнайы, дене дайындығы, жауынгерлік машиналарды жүргізу, әскери топографиядан сынақтар тапсырады.

Оқу пәндері бойынша қорытынды тексеріс әскери бөлімдердің оқу полигондарында және тұрақты орналасу пункіттерінде өтеді.

- Бұл тексеру қорытынды әскери қызметшілер үшін сыныптық біліктілігін растау болып табылады. Сонымен қатар бөлімшелердің дайындық деңгейі бағаланып, жауынгерлік оқ атулар өткізіліп, үлгерімі бойынша қорытынды бағалары шығарылатын болады, - деп түсіндірді бригада сержанты штаб-сержант Мереке Қожағалиев.

Тексеру барысында қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, лауазымды адамдардың жауынгерлік даярлыққа басшылық ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жүйесі, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі тексеріледі.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы