Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖИТС орталықтарының зертханаларында – жаңа жабдықтар


7 октября 2021, 10:26 | 487 просмотров



2021 жылдың қазан айында ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) мен ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың ынтымақтастығы аясында ЖИТС орталықтарының зертханалары жаңа автоматты ПТР жабдығымен жарақтандырылды.

Жаңа жабдық – әйгілі оңтүстік кореялық Вioneer Corporation компаниясы шығарған, ExiStation деп аталады. Сонымен қатар, АИТВ РНҚ сандық анықтау үшін реагенттердің жылдық қоры жеткізілетін болады (вирустық жүктемені өлшеу). Сандық ПТР зерттеулерді автоматтандыру аймақтық ЖИТС орталықтарының зертханалары ұсынатын медициналық қызметтердің сапасын стандарттауға мүмкіндік береді.

- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сапалы ем ұсыну Қазақстанда АИТВ-инфекциясына қарсы іс-қимылдың жаһандық стратегиясының басым міндеті болып табылады. Емдеудің тиімділігі денсаулықты жақсартады, АИТВ-мен ауыратын адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беріп қана қоймай, басқа адамдарға инфекцияның берілу қаупін азайтады, - дейді ҚДИАҒО директоры Асылхан Әбішев.

ҚДИАҒО клиникалық-диагностикалық зертханасының қызметкерлері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстық ЖИТС орталықтарының және Шымкент қаласының ЖИТС орталығының мамандары үшін жаңа жабдықтармен жұмыс істеу бойынша оқыту тренингтерін өткізді. Жақын арада ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі басқа да өңірлік орталықтардың қызметкерлері жаңа жабдықта жұмыс істеу дағдыларына оқытылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының эпидемиясы шоғырланған сатыда тұр. Қазақстанда АИТВ жұқтырған 28147 адам өмір сүруде.

Автор:
Марина Максимова, ҚДИАҒО баспасөз қызметі