Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алдын алу жұмыстары жүргізілуде


29 сентября 2021, 02:44 | 1 234 просмотра



Талдықорған гарнизонындағы 15603 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Қылмысқа жол жоқ» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.     

Кездесу барысында әскери полиция бөлімінен келген әскери қызметкерлер жеке құрамға жемқорлықтың алдын-алу, онымен күрестегі мемлекеттік органдардың рөлі айтылды. Сондай-ақ, орын алған оқиғалары статистикасын өткен жылмен салыстырмалы түрде жеткізді.               

-Кездесудің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық және қылмыстық оқиғалардың алдын алу және оның жолын кесу болып табылады. Жеке құрамның жан жақты болуы үшін осындай іс-шаралардың жиі болғаны дұрыс деп ойлаймын, –  деді Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша аға офицері әділет майоры Әсет Ақжолтаев.

Іс-шара соңында жеке құрамға қылмыстық деректері бойынша арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетіліп, жеке құрам көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі