Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ерлік өшпес мұра


27 сентября 2021, 09:45 | 1 032 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамы мен Ауған соғысының ардагерлерінің кездесуі өтті.

Іс-шараға Ауған соғысы және Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, Сарыөзек ауылының құрметті азаматы, отставкадағы майор Шерғали Нұрышұлы Нұрғалиев және Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында ардагерлер ауған соғысындағы естеліктерінен бастап, қызмет жолы, патриоттық рух жайлы әңгіме тарқатты.

– Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттері мен борыштарын адал орындап, әскери қызметінің соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білуі керек, – деді ауған соғысының ардагері Шерғали Нұрғалиев.

Сонымен қатар, бөлім басшысы ардагерлердің жеке құрамды тәрбиелеу ісіне қосқан  үлестерінің зор екендігін айта кетіп, оларға алғыс грамотасын табыстады.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы