Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғандағы теңбіл доп турнирі


27 сентября 2021, 09:43 | 1 000 просмотров



Талдықорған гарнизонында қала күніне орай «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекттік мекемесінің ұйымдастырылуымен әскери бөлімдері еркектер арасында шағын футболдан турнир өтті.

Талдықорған қаласындағы «Болашақ» футбол алаңында өткен турнирге гарнизондағы әскери бөлімдерден жеті команда сайысқа түсті. Екі күнге созылған сайыста, бас жүлдені алуға барлық  командалар үмітті екендігін байқатты.

Тартысты турнирдің нәтижесінде командалар арасында бірінші орынды 48386 әскери бөлімі, екінші орынды 21751 әскери бөлімі және үшінші орынды 54380 әскери бөлімінің командалары қанжығасына байлады.

Ойын соңында жеңімпаз командаларға диплом, кубок және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шараның марапаттау рәсіміне қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің өкілдері шақырылды.

- Іс-шараның басты мақсаты шағын футбол ойынын кеңінен танымал ету.   Келешек жас ұрпаққа батырларымыз сияқты нағыз ержүрек азаматтар болып өсулеріне себеп болып, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру болып табылады, – деді Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жандос Асқарбекұлы.

Айта кетейік, жарыс ойыны «Олимпиадалық жүйе» әдісімен өтті. Есептеу және орындарды анықтау, Қазақстан Республикасының Футбол Федерациясы бекіткен ережесіне сәйкес жүргізілді.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі