Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

eGov mobile мобильді қосымшасы туралы ақпарат


27 сентября 2021, 09:12 | 1 766 просмотров


Қазақстандықтар үшін Электронды үкіметтің жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді екенін бірі білсе,бірі біле бермейді.Ұялы телефон арқылы 50-ден астам қызмет пен сервисті пайдалануға болады. eGov mobile мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған.

Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді.«Жаңа қосымшада 50 қызмет және «мобильдік жеке кабинет» қолжетімді. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады. «Мобильдік жеке кабинетте» азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығы, сонымен қатар қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және т.б. ақпараттың орналасқандығын атап айту керек. Егер телефонда электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты ала алады. Сонымен қатар жаңа қосымша тұрғын үйге кезек реті мен техникалық қараудан өту мерзімін қарау, лицензиялар мен чектерді тексеру, ХҚКО-на кезекке тұру және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді.

Автор:
А. Есенаманова,«Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-нің бас маманы