Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бастау жобасына 5-жыл


27 сентября 2021, 09:04 | 910 просмотров



Экономикалық даму, соның ішінде әлемде мемлекеттік дамудың негізгі факторы - кәсіпкерлік болып табылады, өйткені кәсіпкер экономикалық қатынастардың мобильді субъектісі болып табылады және жаңа нарықтық жағдайларға оңай бейімделеді. Сондықтан, елде кәсіпкерлік неғұрлым дамыса, соғұрлым оның экономикалық өсімі қарқынды жүреді.

Қай аймақта шағын кәсiпорын көбейген кезде, яғни оның жалпы өнiмi (яғни осы аймақта бiр жылда өндiрiлген барлық тауар мен қызмет құны) өскен уақытта сол аймақтағы тұрғындардың өмiрi жақсара бастайды. Кез келген кәсіпкерліктің негізі — идея (дәлірек айтқанда, нені, қалай және қай жерде өндіру керек) болып табылады. Кейде идея ойға оралғанымен, өкінішке орай іс жүзінде орындалмай жататыны кездесіп жатады. Жақсы идеяны жүзеге асыру үшін, ең бастысы, оны іске асырумен айналысатын адамдар қажет. Қарапайым халық бизнес ашуды ойлағанымен, бірақ біліктілік пен қалтаның жұқалығы мақсатқа жетуге кедергі келтіреді көп жағдайда. Сүйікті ісімен айналысу, уақыт пен қаражатқа қожайын болу, табысқа кенелу, бай-қуатты өмір сүру, армандар мен мақсаттарға қол жеткізу – сәтті құрылған идеяның орындалуы болып саналады. Кәсіпкер болу үшін ең алдымен көп ақша (бастапқы капитал) керек және мемлекетіміздің заңдарын жақсы білуіміз қажет деп ойлаймыз. Егер қаржы жоқ болса және заңдарды білмесең, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкін емес сияқты. Шындығына келгенде, өз жеке ісін ашып, ұйымдастыруға дайын және қолынан келетін кез келген адам кәсіпкер бола алады. Әр күн сайын әр жерден пайда тауып күнелткен қарапайым қазақтың жеке кәсіп ашып, өзіне жұмыс істеуге қызығушылық танытқандары тіпті бастапқы капитал болмаған жағдайдың өзінде,қолдағы бар ресурсс пен уақытты тиімді пайдалана білудің өзі-ақ табысқа жеткізетіні анық. Кәсіп бастасам деп арман қуып, дайындалып, бірақ неден бастап, немен айналысайын, қай жолға түсейін деп жүрген жандарға «Атамекен»ҰКП қашанда дұрыс жол таңдап алуына, «Алма піс, аузыма түс» дейтін біздің кей бауырларымыздың өмір сүруі үрдісінен ойлауы өзгеше жандарға алдына мақсат қоюды үйретіп, сол мақсаттары жай ғана қиялдағы арманы боп қалмауы үшін кәсіптің қыр - сыры жайлы білім беріп, алға жетелеп өз ісін бастауға сеп болған осыдан аттай 5 жыл бұрын «Атамекен» ҰКП бастамасымен тұңғыш президентіміз, елбасының қолдауымен 2015 – 2017 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласында пилоттық бағдарлама ретінде енгізіліп, өзінің ұтымдылығын дәлелдеп, 2017 жылдан Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында бүкіл ел көлемінде жұмыссыз азаматтарға кәсіппен айналысудың қыр-сырын, алғашқы кәсіп негіздері бойынша 20 күн бойы оқытып, кейінен жоба түлектерін қаржыландыруға дейін арнайы мамандар сүйемелдейтін жоба ретінде енгізілгені бәрімізге мәлім. Елдің сүйіспеншілігіне бөленген, президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай ұлттық жобамыз «БАСТАУ» биыл 5 жасқа толып отыр.
PS: «Кешегi күннен алыс жоқ, Ертеңгi күннен жақын жоқ» демекші жобас іске асырылған соңғы 5 жыл ішінде Бастау бойынша 185 мың адам оқып, 54 мың бизнес жоба іске асырылып, 70 мың жаңа жұмыс орыны ашылды. Мемлекет қазынасына 1,5 млрд теңгеден астам салық құйылды. Биылғы жылдан бастап Атамекен ҰКП тек оқытып қоймай әр өңірлік палаталар құрамында ашылған микроқаржылық ұйымдар арқылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоба түлектеріне жеңілдетілген 6% несие беруді бастады. Аталарымыз кезінде - Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар дегендей бір ойыңызда жүрген идеяларыңыз, немесе толғандырған сұрақтарыңыз болса сіздер үшін ашылған атамекенге келсеңіздер болады.

Автор:
Қ.Абенов, «Атамекен» ҰКП Алматы облысыҚаратал ауданының филиалының мемлекеттік бағдарламаларбойынша кеңесшісі