Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Депутаттық мониторинг жалғасуда


23 сентября 2021, 07:19 | 1 373 просмотра



«Облысымыздағы әлеуметтік нысандарға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық мәслихат тарапынан депутаттық мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда. Бұл жолы 15-17 қыркүйек күндері облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев оңтүстік аудандардағы нысандарда болып қайтты», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Кеген, Райымбек, Қарасай, Талғар, Балқаш аудандарындағы мәслихат хатшысының іс-сапары аясында осы өңірдегі облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесе нысандарды аралап, талаптарға сәйкестілігіне бағасын беріп, құрылыстың кестесімен жүруі, құрылысшылар санының жеткіліктілігі сынды мәселелерге мән берілді.

Мониторинг жұмыстарының қорытындысы - әр апта сайын анықтама ретінде толтырылып, анықталған кем-кетіктердің жойылу жұмыстары бойынша тиісті органдарға мәліметтер жіберілуде. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясындағы нысандар да басты назарда.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі