Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ерліктің өшпес рухы


20 сентября 2021, 05:29 | 1 040 просмотров



Сарыөзек гарнизоны Күреңбел орта мектептегі кадет сыныбының оқушыларымен  «Бір тұтас ұлт – бір тұтас әскер» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

Кездесу арасында қонаққа шақырылған ауған соғысының ардагерлері оқушыларға ерлік, батылдық пен патриоттық рух туралы айтты. Соғыстан оралмаған әскери жолдастары, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде кездескен қиын жағдайлар жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерінің жетістіктері, сарбаздар туралы арнайы дайындалған слайд көрсетілді.

Оқушылар ардагерлердің еңбек жолдарындағы қызықты сәттерін қызығушылықпен тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды.

– Әрбір азамат өзінің еліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылық қасиетін ұғына білу керек. Еліміздің өсіп өркендеуіне, нығаюына, алдыңғы қатарлы ел болуына күш жұмсау керектігін үнемі жастарымызға айтып отыруымыз қажет, – деді Ауған соғысының ардагері Шерғали Нұрғалиев.

Атаулы шараға Кербұлақ ауданының құрметті азаматы, Ауған соғысының ардагерлері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев, Ануар Нұрман, Жұматай Бүркітбаев, мектеп басшылығы мен ұстаздар қатысты.

Автор:
майор Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы