Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясына сәйкес өнімді мемлекеттік бақылау нысандары


17 сентября 2021, 03:40 | 1 116 просмотров


2021 жылғы 01 шілдеде «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясы күшіне енді, оған сәйкес Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай нысанда жүзеге асырылатын болады:

Өнімнің үлгілерін іріктеу қажеттілігіне байланысты бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау;
Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторының бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың бар екенін куәландыратын шешімі бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы, техникалық реттеу саласындағы сынамаларды (үлгілерді) алу арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау үшін негіз болып табылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болған жағдайда, егер бұл бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай жойылатын болса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Егер анықталған бұзушылық жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін жағдайда, өнімді айналымға шығаруға және алып қоюға тыйым салу түрінде жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдана отырып, өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне оны айналымға шығару бөлігінде техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік қадағалау жүзеге асырылады. Өнім үлгілерін іріктеу уәкілетті орган айқындайтын және бекітетін техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнім тізбесіне енгізілген өнімге қатысты жүргізіледі (мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау және қадағалау және (немесе) жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталған өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру кезінде техникалық регламенттер талаптарының бұзылуын және (немесе) айналысқа шығарылған өнімге арналған өнімнің болмауын талдау осындай іріктеу үшін негіз болып табылады)., Техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттар немесе осындай құжаттар туралы мәліметтер).
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында зертханалық сынақтардың нәтижелерімен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі дәлелденген өнім алып қоюға жатады. Өнімді алып қою өнімді алып қою туралы қаулының негізінде жүзеге асырылады, ол қадағалау субъектісіне міндетті түрде орындау үшін табыс етіледі. Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын уәкілетті орган бекітеді. Уәкілетті органның аумақтық департаменттері өнімді алып қою туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қадағалау субъектісін алып қойылған өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыз береді. Өнімді алып қою туралы қаулыны орындамағаны үшін қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Алынған өнімді сақтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Өнім таңбалау бөлігінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген кезде өнім алып қоюға жатпайды.
Өнімді айналымға шығаруға тыйым салу өнімді айналымға шығаруға тыйым салу туралы қаулы негізінде жүзеге асырылады, ол қадағалау субъектісіне міндетті түрде орындау үшін табыс етіледі. Өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулының нысанын уәкілетті орган бекітеді. Өнімді айналымға шығаруға тыйым салу туралы қаулыны орындамағаны үшін қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясына сәйкес уәкілетті органның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын болады. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Техникалық реттеу саласындағы қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық қадағалау объектісі оны айналымға шығару кезінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне арналған өнім, ал қадағалау субъектісі – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оған қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие тұлға болып табылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою тәсілін бақылау және қадағалау субъектісіне міндетті түрде түсіндіре отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады. Ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ал стандарттау жөніндегі құжаттарда және қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілген өлшеулерді орындау әдістемелерінде белгіленген жағдайда өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімін жүргізудің неғұрлым ұзақ мерзімі болған жағдайда – ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу еселігі – ай сайын, 25-күнінен кешіктірмей, айына бір реттен артық емес.
Барлық сұрақтар бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттіне Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, 69А, тел.242051, 245528 хабарласыңызды сұраймыз.

Автор:
Г.К.Абдрасилова, Техникалық реттеу және метрология комитетініңАлматы облысы бойынша департамент бас маманы.