Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЦИГУН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ


4 февраля 2011, 07:52 | 6 008 просмотров



Цигун - ежелгі қытайлық емдеу техникасы. Ол ХХ ғасырдың 50 жылдары елде кең таралған, ал Қытайда дәстүрлі медицинаның бір бөлігі болып қалуда.

Цигун - дене мен рухтың өзіндік жаттығудың әдістемесі және теориясы. Денеде, денсаулық тәуелді энергияны «нағыз» және «толық» тыныс қалыпта ұстайды деп ежелгі Қытайда есептеген. Цигун сөзі «ци»- ағзаның барлық физиологиялық функцияларын қалыпта ұстайтын энергия және де «гун» - өзімен жұмыс жасау дегенді білдіретін сөздерден тұрады. «Бұлшық еттерді, тынысты жаттығып, дене мен жүректі (жанды) босаңсытып, есті шоғырландырып және пайдаланып, ырғақты қозғалыстар жасап, адам денесінің әртүрлі механизмдерін реттеуге және күшейтуге, ондағы жасырын күштерді қоздыруға болады»,- Ма Цзижень.Цигун жүйесімен көптеген адамдар айналысады. Пекинде, Шанхайда, Бэйдайхэде және Қытайдың басқа қалаларында тыныс жаттығуларының санаторийлері жұмыс атқарады. Ал цигун бойынша алғашқы есептік конференция Пекинде 1979 жылы өтті. Цигун денсаулықты күшейтіп, өмір сүруді ұзартады, сонымен қатар, созылмалы және кәрілік аурулардан қорғайды, жиі дәрілік емге көнбейтін ауруларда жақсы клиникалық нәтиже береді.

Практикалық кеңестер:

1.«Цигунмен жаттығу кезінде, шым-шытырық ойларды әрдайым қуып, жүректі, рухты тыныштандырып, осылайша жүрек үйлесiмсiз жұмыс iстейтiн iшкi органдардың жұмысын реттей алу үшiн байсалды күйге кіру қажет». Бұл ми қыртысының өздiгiнен тежелуiнен кейiн «ми – ішкі органдар» өзара байланысының қалыпты жұмыс жасау қалпына келеді, деген қазiргi заманғы медицинаның көзқарасымен сәйкес келедi.

2.Әсіресе, созылмалы, енжар аурулармен азап шегуші адамдар үшін адам күйінің психологиялық аспектілерінің маңызы айтарлықтай. Ұзақ аурулардан кейін, анығында тұрмыс сапасы азап шегедi, түңiлушiлiк, абыржу және қорқыныш оңай пайда болады, тіпті адам өзіне қолмен қаға алатындығына шейiн жетеді. Мұндай психикалық күй сауығуға және цигунның дұрыс жаттығуларына бөгет болады. Сондықтан жаттығу кезінде: ауру бiртiндеп емделеді, цигун – жаттығулары мен ауруды емдеу көңіл ортасына қойып, маңызды міндет қылып, бұл гимнастика әдiстерінің iлтипатына бөленiп, жаттығулардың нәтижелілігін кеңейтіп, олардың терапевтік әсерін күшейтуге ұмтылу керектігіне әрдайым сеніп, есте сақтау қажет.

3.Жаттығушыларға жылдам жетiстiкке ие болу үшiн барлық жерден «жоғары маңызды» табудың керегі жоқ, ерекше нәрсені көрудi, гимнастиканың бір түрін басқа түріне өзгертуге ұмтылмауы қажет. Ол орныққанша, тосу әдетін қалыптастыру керек. Қытай ұсталары айтқандай: «Үш күн балық аулап, екі күн ауды құрғатуға болмайды», тұрақтылық пен табандылық керек.

4.Жаттығудың барлық әдістері мамандардан үйренуді талап етеді. Егер цигун, әсіресе, аурулармен күресте қару ретінде қызмет етсе, тек қана кiтап нұсқауларын негiзге ала отырып, дене қалыптарын және қозғалыстарын меңгеруге болмайды. Жаттығуды қалайша дұрыс орындауын анықтап, жаттығушының денесiнiң күйіне және ауру ағымы сипатына байланысты, барлығын есепке алып, нұсқау беру қажет. Ал кітаптар және басқа да материалдар тек көмекші құрал ретінде ғана жарамды.

Ма Цзижень «Өмірлік энергия туралы қытай ілімі» материалдары бойынша, Қытай тілінен аударым және түсіндірмелер М.М. Богачихина, 1996ж., Линь Хоушэн, Ло Пэйсюй «Қытай медицинасының құпиялары. Цигун туралы 300 сұрақ»

Автор:
Марина Петренко info-health.kz тілшісі