Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2021 жылдың 1 жартыжылдығында МӘМС-ке 372 млрд теңгеден астам жарналар мен аударымдар түсті


13 сентября 2021, 10:20 | 387 просмотров



Бірінші жартыжылдықта ең көп түсім  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санатындағылар  үшін мемлекеттің  төлеген жарналары болып табылды, бұл туралы Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары  Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында  "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры"  КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеме жасады.

ӘМСҚ басшысы мәлімдегендей, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 372,8 млрд теңге түсті, бұл жылдық жоспардан түсетін түсімдер жоспарының 53%-на сәйкес келіп отыр.

 Осылайша, түсімдердің жалпы сомасынан алғанда:

- Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары-182,1 млрд теңге. 2020 жылы осы кезеңге 146,6 млрд теңге түсті .

- Жұмыс берушілердің аударымдары 94,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 76 млрд теңгені құрап отыр. 

-  2021 жылдың 1 - жартыжылдығында қызметкерлер 81,8 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылы бұл сома 31,3 млрд теңгені құрады.

- Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 7,7 млрд теңгені құрады.  Төлеушілердің осы санатымен  2020 жылдың дәл осындай кезеңінде 3,2 млрд теңге төлем жасалынды.

- Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар МӘМС үшін 3,1 млрд теңге төлем төледі.  2020 жылы аталған  көрсеткіш 0,8 млрд теңгені құрады. БЖТ төлеушілер өткен 6 айдың көлемінде  медициналық сақтандыру жүйесіне – 760 млн теңге, 2020 жылдың осындай кезеңінде – 1,9 млрд теңге төлем жасады .

Өзіне-өзі төлеушілер санаты 2021 жылдың 6 айында МӘМС үшін 3 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 180 млн теңгені құрады.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы