Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Облыстық мәслихатта жаңа жоба


13 сентября 2021, 10:07 | 388 просмотров



«Халықпен кері байланысты нығайту және мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстарын қалың бұқараға ақпараттандыру мақсатында Алматы облыстық мәслихатының "Jetisy" телеарнасымен бірлесе жаңа жобасы бастау алды», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының бапсасөз қызметі.

"Депутаттық сағат" жобасы аясында облыстық мәслихат депутаттары апта сайын "Бүгін" бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат беріп, халықтың сауалына жауап береді.

Бастаманы бірінші болып 8 қыркүйек күні облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев бастап, атқарылған жұмыстарды атап өтіп, сауалдарға жауап берді. Жалпы эфир барысында мәслихат хатшысы азаматтардың өтініштерін қарау бағытында қоғамдық қабылдаулардың маңыздылығын жеткізді. Атап айтсақ, облыс бойынша депутаттардың 738 қабылдауы өтіп, қабылданған 1005 адамның 646 мәселесі оңды немесе 64,2% құрады. Бұл өз кезегінде халықтың өзекті мәселелерін шешуде жақсы нәтиже. Тікелей эфир арқылы барлық 44 облыстық мәслихат депутаты қатыспақ. Сонымен қатар, депуатттардың әлеуметтік желісінде тоқсанына бір рет «Депутатқа сауал қой», сонымен қатар бекітілген кестеге сәйкес саяси партияларда қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылуда.

Сұрақтарыңызды Сізде тікелей эфир арқылы қойсаңыздар болады. Ол үшін "Jetisy" телеарнасын қосып, сағ.19.30-да 8728400109 нөмері арқылы хабарласу қажет. Депутаттарымыздың келесі эфирлері қосымша жарияланатын болады.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының бапсасөз қызметі