Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Депутаттық көмек: жыл басынан 5000-нан аса азаматқа 90 миллион теңгеге астам қаржыға көмек көрсетілген


10 сентября 2021, 04:23 | 454 просмотра



«Әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізу тәжірибесін Алматы облыстық мәслихатының депутаттары да кеңінен пайдаланып келеді. Тоқсанына бір рет өтетін "Депутатқа сауал қой" тақырыбындағы тікелей эфирге 8 қыркүйек күні облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев "Инстаграм" желісі арқылы өткізді», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Жанболат Әкебайұлы облыстық мәслихатпен партия сайлауалды бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар, өзгерістер енгізілген нормативті-құқықтық актілерді түсіндіріп өтті.

Эфир барысында Жанболат Әкебайұлы өз сөзінде облыстық мәслихаттың 7 сессия өткізіліп, 46 шешім қабылданғанын және осы жиындар барысында 8 мемлекеттік орган басшысының есебі тыңдалғанын атап өтті. Сонымен қатар, депутаттардың қайырымдылық бағытында да көмектері орасан зор екендігі, дәлелі 5000 адамға жалпы сомасы 90 578 500 теңге көмек көрсетілгенін жеткізді.

Жалғасы оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде депутаттардың қабылдауына жазылуы, мектептердің офлайн режимге ауысуға байланысты санитарлық талаптар мәселесі, жұмыспен қамту, құрылысы жүріп жатқан және күрделі жөндеудегі әлеуметтік нысандарға депуататтық мониторинг жүргізу сынды өзекті мәселелерге тоқталған оқырмандардың сауалына мәслихат хатшысы тұщымды жауабын беріп, пікірімен бөлісті.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі