Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жастар – болашақтың мәңгілік қозғаушысы


10 сентября 2021, 04:05 | 967 просмотров



Білім және ғылым саласының мамандары уақыт талабына сай тың жаңалықтарға ұмтылу бүгінгі күннің талабы болып отыр. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз үшін де жаңа технологияларды игере отырып, ілгері қадам басуымыз қажет.
Жастар – болашақтың мәңгілік қозғаушысы. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Олардың арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға зор мүмкіндіктер қарастырылып жатыр.
Биылғы жылы қаламызда жастар орталығы бой көтермек. Бұл бастама да ғылым мен білімге ұмтылған жастарымыз үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор мүмкіндік деп білемін. Қазіргі жастар – болашағының жарқын болуы үшін өздерінің білімдерін тиімді пайдаланып, заманауи технологияларды барынша меңгеріп алға ұмтылуы тиіс.

 

Автор:
Перизат Мұхан, Қаратал ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы.