Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстан - әлеуметтік мемлекет


10 сентября 2021, 04:01 | 1 229 просмотров



Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, мемлекеттік қолдау шаралары жалғасатын болады. Алайда, қоғамдағы жаппай масылдық әрекетпен күресуіміз керек. Әлеуметтік көмекке сеніп алған көпшіліктің сана-сезімін ояту маңызды. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұрпақ тәрбиесіне теріс әсер ететін қоғамдағы жалқаулықты ысырып, ел қызметіне араласуға шақырды.
Ұлт болып ұйысу үшін бел шешіп, батыл қимыл жасау айырықша маңызды. Қазіргі таңдағы талап ел мүддесіне, мемлекет дамуына шын ниетімен, дарынымен, таза пейілімен еңбектену екендігін ескерткен Мемлекет басшысы: «Біз тентегін тыйған, өнегелі, тәрбиелі, текті атаның ұрпағымыз. Келешегімізді кемелдендіру, ұлт тағдырына ортақ жауапкершілік арқалау - зиялы қауымның басты ұстанымы болуы тиіс», - деді.
Бәріміздің аңсарымыз, арманымыз - бейбіт өмір, тыныштық. Тәуелсіз Еліміздің мақтанышын асыруға жұмыла атсалысайық.

Автор:
Ақжайық Мұратқызы, «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы.