Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Басты байлық - ұлт саулығы


10 сентября 2021, 04:00 | 1 363 просмотра



Әлемді әбігерге салған пандемия өз денсаулығымызға бей-жай қарамауымыз керектігін көрсетіп берді. Індеттің беті қайтпай, өршуі де, түрленуі де тым күшті. Сондықтан жаппай екпе алу - коронавируспен күрестің жалғыз жолы екендігі айқын. Жақынымыздың амандығы, ел бүтіндігі бәрінен жоғары тұруы керек. Керітартпа пиғылдағылармен қоғам бірге күрескеніміз жөн.
Президент «Дені сау ұлт» жобасымен халық саулығын нығайту шараларын қолға алуды тапсырды. Медицина саласындағы ем-дом, зертханалық орталықтар, дәрі-дәрмек өндірісі халықаралық стандартқа көшірілетін болады.
Азаматтардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық спортты дамыту, әсіресе балалардың спортпен шұғылдануын жандандыру қажет. Ел саулығын қуаттау жолындағы ұжым жұмысы сапалы қызмет көрсетумен жалғаса беретініне сенімдіміз.

Автор:
Біржан Асқарұлы, Қаратал ауданының орталық ауруханасының директоры.