Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МИНИСТР «Времяның» тілшісімен кездесті


4 февраля 2011, 07:56 | 1 258 просмотров



Еліміздегі азаматтардың денсаулығын сақтау саласының ағымдағы жағдайы және даму перспективасына қатысты сұрақтар бойынша ашық диалог болды.

Министр мақалада айтылған мәселелер және денсаулық сақтау жүйесін әріқарай жетілдіру мақсатында Үкімет атқарып жатқан іс-шаралар туралы әңгімеледі.

Атап айтқанда, С. Қайырбекова ауруларды анықтау және емдеу саласында жоғары технологияларды ендіру, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге қатысатын жеке меншік емханалардың санын арттыру, медициналық қыметкерлердің біліктілігін көтеру барысы, мамандарды кәсіби үздіксіз дамыту орталығының жұмысы және шетелдерде оқыту жөнінде әңгімеледі.

Министр сондай-ақ, көрсетілетін қызмет сапасына бақылау жүйесін қатаңдату және медицина саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресті күшейтуге бағытталған іс-шараларға тоқталды.

Оған қоса, ана және бала өлім-жітімін азайту шараларын жүзеге асыру мјәселелері қозғалды. 2010 жылы қабылданған іс-шаралар нәтижесінде ана өлім-жітімі – 38,3%, нәресте өлім-жітімі – 8,2%-ға төмендегені айтылды.

«СҚ-Фармация» ЖШС Бас директоры Сыздық Баймұқанов журналистке дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы құралдардың қорын қалыптастыру және сатып алу механизмдері туралы айтты.

Журналист В.Бурдиннің мақаласында келтірілген фактілер және аталған мәселелер бойынша азаматтардың хабарламаларына комиссиялық тексеру жүргізетін жұмыс комиссиясы құрылып, нәтижесі Премьер-Министрге баяндалатын болды. Комиссияны Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің төрағасы Назарбек Бейсен басқарады. «Время» газетінің журналистіне аталған комиссияның жұмысына қатысу ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрінің «Время» газетінің тілшісі Виктор Бурдинмен әңгімелесу стенограммасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz веб-сайтына орналастырылады.

Автор:
www.mz.gov.kz