Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мемлекет басшысы Қазақстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс енгізбек


4 февраля 2011, 07:57 | 1 580 просмотров



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізбеу туралы шешім қабылдады.

- Мен сайлаушылардың басым көпшілігін құрайтын бүкілхалықтық бастаманы кері қайтара алмаймын. Мәселенің екінші қыры, мен Елбасы және Конституцияның кепілі ретінде болашақ саясаткерлерге жаңылыс бағыт сілтейтін іске жол бере алмаймын. Сондықтан, мені халық дұрыс түсінеді деп сенемін. Біз бұл жайтты жай «қабылдау немесе бас тарту» ретінде емес, өмірдің өзі ұсынған демократияның тарихи сабағы деп қабылдағанымыз жөн. Бұл - Елбасы мен халықтың Ата заңға адалдығын бағамдайтын тағылымды дәріс. Демократиялық жолмен сайланған тұңғыш Президент ретінде еліміздің биік мүдделерін басшылыққа ала отырып, мен референдум өткізбеу туралы шешім қабылдадым. Жұртшылықты бөлетін «референдум әлде сайлау» деген таңдаудың орнына мен халқымыздың еркі мен демократиялық қағидаттарға адалдығын ескеретін және бізді біріктіретін жолды ұсынамын. Мен өкілеттігімнің екі жылға қысқаратынына қарамастан, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін. Тиісті Заң Парламентке ұсынылады», - деді Мемлекет басшысы.

Автор:
«ҚазАқпарат»