Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК!


7 сентября 2021, 09:28 | 1 554 просмотра



Бүгінгі қоғамның ең негізгі ауру тұсы – жемқорлық. Ол батпандап кіріп, мысқалдап шығатын ауру. Мұны қазірден алдын алып, ем-шара жасамаса өте қатты асқынса, елді бұзып, қоғамды ірітетін дерт.

«Біздің елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ», – деген еді президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Жыл сайын халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан жобаларға жұмсалған қыруар қаржының талан-таражға салынбай өз мақсатына жұмсалуы – елді өрге сүйрейтін үрдіс. Ал, жемқорлыққа жол берілген қоғамда әділеттілік болмайды.

Қазіргі таңда, мемлекет жемқорлықпен күрестің әр түрлі әдістерін қолданып жатыр. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды жүйеге ауысуы, мемлекеттік қызметке үміткерлердің байқауына тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы, ауыл әкімдерін ашық жариялы түрде халық сайлайтын құқық берілуі т.б. Жемқорлықпен мемлекет бір өзі күресе алмайды, онымен қоғам болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріге күресу керекпіз. Жемқорлықтан арылу үшін қоғамның санасы да өзгеруі керек. Сәл қиындық болса, оны пара беріп шеше бере алмайтынын түсініп, керісінше ондай жолдан өзін аулақ ұстаса, пара алушы да болмас еді. Біз, әрқайсымыз, мәселені пара беріп шешеміз деген санамен өмір сүре беретін болсақ, біздің балаларымызға тек ауру қоғамды аманат етеміз. Сонымен қатар, пара берген адам пара алған адаммен теңдей жауапқа тартылатынын да ұмытпайық! Жемқор қоғамның болашағы жоқ! Болашағымызға балта шаппайық!

Автор:
Г.Калибаева, Превенция және парасаттық басқармасының бас маманы