Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Мектепке жол» – қайырымдылық акциясы


2 сентября 2021, 11:01 | 1 301 просмотр



Қайырымдылық акциясы көпбалалы отбасылары мен тікұшақ апатынан қайтыс болған әскери қызметшілердің балаларына арнайы ұйымдастырылды.

Жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрге айналған республикалық акция биылда жалғасын тауып бүгінгі өткізген акцияға Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды.

Бүгінгі таңда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 27 бала мектепте оқуларына қажетті құрал-жабдықтармен және киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік мекеменің әскерилері балаларды өз қалаулары бойынша бірнешеуін үлкен сауда орындарына апарып қажетті заттарын алып берсе, ал бірқатарын үйлеріне арнайы барып қуантты. Балалар жасалған сыйлықтарға дән риза болып өз қуаныштарын білдіріп әскерилерге алғыстарын жеткізді.

Біздің мекеме қайырымдылық акциясын жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Балаларға мектепте қажет болатын заттарды сыйға тартып, оларға қуаныш сыйлағанның өзі біз үшін үлкен бақыт, деді әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі инспекторы Гүлжан Сейдахметова.

Акцияның негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балғындарына көмек қолын созу болып табылады.

Айта кетейік, бұл игілікті іс-шара қыркүйектің 30-на дейін жалғасады.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің басшысы