Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Десантшы сарбаздар алғаш рет парашютпен секіруді орындады


27 августа 2021, 08:32 | 935 просмотров



Талдықорған десанттық-шабуылдау бригадасының десантшылары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 800 метр биіктіктен Ми-17 тікұшағынан 150-ге жуық десантшы парашютпен секіруді орындады.

Парашютпен секіру десантшылардың жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады, олар десанттық-шабуыл бөлімшелерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіреді.

– Сарбаздар алдын ала дайындықтан өтіп, парашютті ретке келтіру, әуеде және қону кезіндегі іс-қимылдарды егжей-тегжейлі үйренді, - деді бөлім командирінің әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Аркадий Бурмич.

Әскери бөлім психологтары моральдық-психологиялық жағдайды тексерді. Парашюттен секіруге рұқсат беру және кешенді сынақ болып табылады. Нұсқаудан кейін жауынгерлер арнайы әуе-десанттық кешенде жаттығудан өтті.

- Мен үшін парашютпен секіру үлкен абырой болды және маған үлкен көңіл күй сыйлады. Тікұшақтың бортында қорқыныш пен шаттық сезімдері аралас. Иықтан қағып белгі берілгеннен соң, әуе көлігінен алғаш рет секіруді орындадым. Сол сәтте мен ерекше сезімге бөленіп нағыз десантшы болғанымды сезіндім, - дейді Атырау қаласынан әскерге шақыртылған қатардағы жауынгер Бержан Зулхарнай.

Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Дастан Каримов алғаш рет секіру жасаған сарбаздарға десантшының бас киімі берет пен жолақ жейде тарту етіп қызметтеріне сәттілік тілеп құттықтады.

Парашютпен секіру әуе-десант дайындығының ең күрделі және жауапты кезеңі. Секіру міндетін табысты орындау тек батылдық пен ерік ғана емес, сонымен қатар секірудің барлық ережелерін нақты сақтауды, жинақылықты, жоғары шеберлікті талап етеді.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі