Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жер жаннаты Жетісу


27 августа 2021, 08:24 | 903 просмотра



«Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұсынады. Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына орай «Жер жаннаты Жетісу» Облыстық жобалар байқауын жариялаймыз.
Байқауға Алматы облысының аумағындағы 20-40 жас аралығындағы азаматтар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.
Бәйгенің жаңа деңгейі!
100 деген үміткер!
Кәсіби қазылар!
Бизнес-идеяларын жүзеге асырғысы келетін азаматтар қатысады.
Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.
Қатысу ережелерін http://jetisydostyq.kz/ сайтынан немесе 8 (7282) 40 08 26 телефон арқыры біле аласыздар.
Жер жаннаты Жетісу!
Аңсаған арман, жеткен мұрат!
Болашақтың ірге тасын бірге қалаймыз!

Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына орай
«JJJ»
«Жер жаннаты Жетісу»
Облыстық жобалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Осы Ереже Алматы облысы бойынша JJJ «Жер жаннаты Жетісу» жобалар байқауын (бұдан әрі- Байқау) өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1.2. Байқауды «Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастырады.
1.3. Байқауды өткізу тәртібі «Қоғамдық келісім» КММ-нің шешімдерімен ұйымдастырылады.
1.4. Жастар жобаларын бағалау үшін Кеңес 9 адамнан тұратын сараптамалық комиссиясының құрамын қалыптастырады және отырыстың хаттамасымен бекітіледі.
1.5. Комиссия жалпы ашық дауыс беру арқылы комиссия төрағасын таңдайды.
2. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТТАРЫ:
2.1. Байқаудың мақсаты аумақты әзірлеу және дамыту үдерісіне талантты жастар құрамын тарту, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін қажетті әлеуетті қалыптастыру және өмір сүру сапасын арттыру. Жастардың бизнес-идеяларын жүзеге асыру, азаматтық белсенділікті қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
2.2. Байқаудың міндеттері:
- Алматы облысында жастарға арналған алаң құру, аумақты дамыту үшін перспективалық коммерциялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру.
- Алматы облысының инфрақұрылымын дамытуға жастарды тұрақты түрде тарту мақсатында жастар ұйымдарын нығайту.
- Басқару әлеуетінің жоғары деңгейі бар жастарды анықтау және қолдау, тәлімгерлік жүйесі арқылы олардың жеке дамуы мен кәсіби өсуіне жәрдемдесу, аумақты дамыту жөніндегі жас бастамалар мен жобаларды қолдау.
3.БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
3.1.Байқауға Алматы облысының аумағындағы ауылдық жерлеріндегі тұрғындары (округ, елді мекен) тұратын 20-40 жас аралығындағы азаматтар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.
4. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4.1.Байқау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
-«Ауыл бизнесі». Ауылдың шағын және орта бизнесін дамытуға бағытталған жобалар.
- «Жеке қосалқы шаруашылықтарды» ЖҚШ дамыту – ауылдық жерде орналасқан жер учаскесінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға бағытталған жобалар.
- Жастардың ауылдық кәсіпкерлігін дамыту.
4.2. Байқау кезеңдері:
4.2.1. І кезең - Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 6 тамыздан 16 қыркүйекке дейін.
4.2.2. ІІ – кезең – Жобаларды көпшілік алдында таныстыру және сараптау комиссиясының бағасы 23 -26 қыркүйекте өтеді. Жоба авторы (авторлары) ZOOM платформасы арқылы мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, жобаны ұсынуы керек. Жобаны қорғау уақыты – 10 минуттан артық емес.
4.2.3. ІІІ кезең – Байқау жеңімпаздарын ақшалай сертификаттарымен марапаттау. 30 қыркүйек – 10 қазан аралығы.
5.ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ
5.1.Өтінімнің болуы Байқауға қатысудың міндетті шарты болып табылады (1-қосымша).
5.2.Байқауда 2020 жылы жеңімпаз болған қатысушылар қатыстырылмайды.
5.3.Авторлардың қалауы бойынша жобаға фотосуреттер, бейнероликтер, презентациялар және таңдалған тақырып бойынша жобаның мазмұнын ашуға бағытталған басқа да ақпарат кіруі мүмкін.
5.4.Жоба электронды түрде (флеш-картада, CD-дискіде) келесі мекен жайға ұсынылуы тиіс: Талдықорған қ. Қаратал 34 ы\а (Достық үйі ғимараты, 117 кабинет) және электронды пошта арқылы dom-druzhby@mail.ru жіберіледі.
5.5.Байқауға қатысатын жобалар қайтарылмайды.
6.БАЙҚАУ КРИТЕРИЛЕРІ
6.1.Байқауға қатысушылар жұмыссыз болуы тиіс (жұмыспен қамту орталығының анықтамасы).
6.2.Байқауға қатысушылар ауылдық жерде тұруы қажет, аудан орталығы жатпайды.
6.3.Жобалар ауылдарға бағытталған және қатысушының тіркелген жері бойынша ғана іске асырылуы тиіс.
6.4.Конкурстың әрбір жеңімпазының бизнес-жобасын жүзеге асыру үшін бөлінетін гранттың ең жоғары сомасы 600 000 (алты жүз мың) тг.
6.5.Конкурс жеңімпаздары алған Грант тек конкурс жеңімпазының бизнес-жобасына ғана жұмсалуы тиіс.
6.6.Өтінімдерді қабылдау Байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде тоқтатылады.
6.7.Банктік есеп шоты ашық болуы тиіс,
6.8.Қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Керекті құжаттар:
- жеке куәлік
- мекенжай анықтамасы (е-гов арқылы скриншот)
- жұмыссыз ретінде тіркелген туралы анықтама (е-гов)
6.9. Байқау жеңімпаздарында жеке вакцинация паспорты немесе 3 күндік жарамды ПЦР тесті болуы қажет.
Барлық жобаларды іске асыру тек ауылдық жерлерде болуға тиіс.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ
7.1. Байқау жеңімпаздарын айқындау туралы шешімді арнайы құрылған комиссия жобаларды сараптамалық бағалау нәтижелерін ескере отырып қабылдайды.
7.2. Байқау жеңімпаздары – жобалары ең көп балл жинаған қатысушылар болады. Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен және дипломдармен марапатталады.
7.3. Отырыстың нәтижелері бойынша арнайы құрылған комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
7.4. Байқауға ұсынылған жобалар 10 балдық жүйе бойынша келесі критерйлер бойынша бағаланады:
- осы Ереженің шарты мен жобаның мақсаты мен міндетіне сәйкестігі;
- мәселенің өзектілігі;
- жоба идеясының қажеттілігі, шығындар сметасының шынайылығы, негізділігі және оңтайлығы.
7.5.Балл тең болған жағдайда комиссия төрағасы қатысушылардың бірінің пайдасына қосымша балл беруге құқылы.
8. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
8.1. Байқау шеңберінде жастар жобаларын құруға авторлық құқықтар Байқау ұйымдастырушыларында сақталады. Байқауды ұйымдастырушылар Байқау аяқталғаннан кейін, 3 жыл ішінде оның қызметінің нәтижелеріне қоғамдық назар аудару деңгейін арттыру мақсатында, қатысушылардың жұмыстарын коммерциялық емес пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
8.2. Байқауға материалдарды ұсыну автордың (авторлық ұжымының) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға келісімін білдіреді.
8.3. Байқау жобалары ҚР заңнамасын бұзбауы тиіс.
9. БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕП
9.1. Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін жауапты тұлға грант иелерінен барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, жобаның іске асыру мониторингін жергілікті жерге барып жүзеге асыруға құқылы.
Жауапты тұлғаның функциялары:
1) грантты мақсатты пайдалануын бақылу;
2) грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде бизнес-жобаны орындау
бойынша жас кәсіпкердің қызметін қадағадау;
3) жас кәсіпкерлерге Шарт талаптарын орындауын бақылау.
9.2.Жас кәсіпкер тарапынан грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылғын жағдайда,
жауапты тұлға уәкілетті органдармен бірлесіп, мақсатсыз пайдаланылған Грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар жүргізеді.
9.3. Грант қаражатын бақылау бойынша, 4 ай өткен соң, ұйымдастырушы мекеме өз жұмысын атқарады.
9.4. Жоба ағымдағы жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейінгі мерзімді қамтиды.

1-қосымша
1 Үміткердің аты-жөні
2 Ұлты
3 Туған күні, айы, жылы
4 Жеке куәілік номері және көшірмесі
5 Тұратын мекен-жайы
6 Жобаның аты
7 Жобаның қысқаша сипаттамасы
8 Жоба іске асырылатын орыны
9 Байланыс телефоны және электрондық пошта