Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!


27 августа 2021, 08:21 | 920 просмотров



Үштөбе ст.ЖПб-нің қызмет көрсету аумағында 2021 жылғы 23-25 тамыз аралығында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы басталды акция аясында темір жол жарақаттары мен қайғылы оқиғаларды болдырмау фактілерінің алдын алу, сондай-ақҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының талаптарын бұлжытпай орындау бойынша және азаматтар мен балалар арасында жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жұмыстары жүргізіліп, теміржол магистралі бойында азаматтрадың жаппай жиналу орындарында бекеттер мен патрульдеу бағыттары қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылғы 23-29 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шаралардың өткізілуінің негізгі мақсаты - Қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу, сондай-ақ аса ауыр қылмыстарды ашу, азаматтардың жеке мүлкін ұрлаумен және тонаумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау, әрбір ұсталған адамның құжаттарын тексеру, оның нақты тұрып жатқан жерін анықтау, мүлдем төзбеушілік қағидатымен жүру, Темір жол және әуе көлігі объектілерінде қылмыстық әрекеттің жолын кесу, есірткі заттарын жеткізу, өткізу арналарын анықтау және жабу бойынша жедел-іздеу іс-шараларын ұйымдастыру. Қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сатып алу көздерін және көлік объектілеріне келу арналарын анықтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Автор:
А.Н.Бұлғымбаев,Үштөбе ст.ЖПб ӘПб бастығы полиция капитаны.