Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бақша егіп, берекеге кенелген…


27 августа 2021, 08:16 | 822 просмотра



Жеміс-жидектің пісіп, бақша өнімдерінің рахатын көретін жаз мезгілінің берекесі мол. Дәл қазір көктемгі бейнеттің зейнетін сезінетін шақ. Мамандар, әсіресе, қауын мен қарбызды тек тамыз айында ғана тұтынуға кеңес береді.

Күндіз күміс, түнде алтын аққан қасиетті Қаратал ауданы биыл бақша дақылдарынан да тәп-тәуір өнім алды. Аудан диқандары соңғы жылдары қауын-қарбыз егуге әбден маманданып алды.
Ауданымымыздың тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі-жер жыртып бақша егу. Елдімекеннің тұрғындары жыл сайын бақша егіп, қауын-қарбыз өсіреді. Аудан басшысы өзкезегінде өзімізден шығаты нөнім ең алдымен өзіміздің нарықтық қанағаттандырып, содан кейін өзгелерді қамтуы қажеттігін айтты. Бағасы да сай болуы керектігін айтқан.
Қаратал ауданы бойынша 505га бақша дақылдары егілді. Қазіргі уакытта 400 га алаң жиналды, 14680 тонна өнім жиналды,өнімділігі 367ц/га-ны құрады.5200,4 тонна қарбыз,1,4 тонна қауын экспортталды.
Ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар қарқынды. Қазір мұнда шағын кәсіп ашып, нәсібін тауып отырғандардың саны артқан.
Мұндағы өнімдердің бірнеше сорты бар. Мамандар сапасы жақсы, тұтынушылардың көңілінен шығып отырғандығын айтады. Алқаптағы күтіп-бапталған дақылдарға сұраныс жоғары. Екі қолға бір күрек таппай жүрген ауыл тұрғындары да жұмыспен қамтылғанына дән риза.
Диқандар мол өнім алу үшін егіс алқабындағы жұмысты ерте көктемнен бастайды.
Дәл қазір жас пен кәрінің ортақ тіске басарына айналған осы жемістердің маусымы. Маусым айынан бастап бақша өнімдері Қасиетті Қаратал өңірін қауын, қарбызбен қамтамасыз ете бастады. Бақша дақылдарының ішінде тау болып үйіліп тұратын қауын-қарбыздар ерекше көзге түседі. Табиғат ананың төсінде маңдайынан тері сорғалап, бау-бақша баптап, несібесін жерден теріп, еңбек етіп жүрген жандардың өнімін көру де бір ғанибет қой! Осындай бағбан Ким Артурдың әулетінің жер телімін алып бақша егумен айналысқандарына бес жылдың жүзі болыпты.Сол дақылдарды өсіріп баптап келген Ким Артур бүгінде күніне 15 тоннадан Өскемен қаласына жіберуде. 9 га егістік жерінде күніне 12 жалдамалы жұмысшы жұмыс жасауда. Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінде биылғы жылы 100 га бақша дақылдары егілді.
«Диқанның да диқаны бар. Шығатын өнім еңбегіне тікелей байланысты. Біз наурыз айында жаңа технология арқылы жерге дәнді себеміз.
Жылдан жылға бақша өнімдері өсірілетін алқаптардың көлемі ұлғайып, өнім де арта түсуде. Күзге салым ел-жұрт жерденөнген ел-сел өнімнен ауыз тиеді. Әсіресе, диқандар қауымы мәпелеп өсірген бақшадақылдарының орны бөлек. Сары ала жапырақты мезгілде таңдайыңа татырлық қауын мен қарбызды сүйсіне жемейтін адам жоқ шығар, сірә. Жылдың осы бір шағы берекенің бастауы деп бағаланады. Диқандар қауымы осылайша қалың елге өз тарту-таралғысын ұсынады.

Автор:
А.Миронова.