27 августа 2021, 08:08 | 1 151 просмотр
Үштөбе қаласында ауыр атлетикадан Токиодағы XXXII Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 2021 жылдың 23 шілдесінде Жапония астанасы Токио қаласында 2020 жылғы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды. Атлеттер шеруінде 96 қазақстандық спортшы қатысып ауыр атлетикадан сынға түсіп, Қазақстанның намысын асқақтатып, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Қаратал ауданының спортшысы Игорь Сонды аудан әкімі құтықтап, марапаттады. Салтанатты шараға аудандық маслихат хатшысы Жандос Қасқырбекұлы, спорт саласының ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Олимпиада ойындарына қатысу әр спортшы мен жаттықтырушының мақсаты, ал Олимпиада медалі – аңсаған арман, спорттық жетістіктердің шыңы. Сіздердің жеңістеріңіз Қазақстан халқын, баршамызды қуантты, бұл жетістіктеріңіз мыңдаған баланы мақсатқа жетуге және жеңімпаз болуға шабыттандырды. Біз парақты өзгерттік, жаттығу процесін жаңаша реттей алдық және бұл «таза» жеңістер шын мәнінде алтынның салмағына ие. Біздің спортшылар, жаттықтырушылар, Ұлттық Олимпиада комитетіне, демеушілерге ауыр атлетиканы дамытуға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін, - деді Е.Шойұлы.
- Бұл балалардан болашақта көп үміт күтеміз. Олардың үздік нәтиже көрсетуге талабы зор. Сондықтан жастарды одан әрі ынталандырып, еңбектерін бағалайық деп шештік, – деп қола жүлдегерге аудан атынан теледидар сыйға тартты.
- Осындағы барлық спортшы атынан еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, Қазақстан Республика-сының Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс айтқым келеді. Тек қана ресми салтанатты шараларда ғана емес, рингте, , кез келген жарысқа дайындық барысында біз дәл осындай қолдаудың барын сеземіз. Бізге артылған үмітті, сенімді ақтау үшін ешқашан аянып қалмаймыз! Спортшы болғаннан кейін әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғау – біздің Отан алдындағы борышымыз, парызымыз. Көк тудың көкте желбіреп, әнұранымыз бүкіл әлем алдында мақтанышпен шырқау – бізге рух беріп, жігерлендіреді, - деді қола жүлдегері Игорь Сон.