Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жастар қоғам дертіне қарсы


20 августа 2021, 09:23 | 1 394 просмотра



«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», - деген еді ел президенты Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде. Шыны сол, Қаратал ауданы жастарының белсенділігі көңіл серпілтеді. Жастардың көп жағдайда қай тірлікте де көш бастап жүреді десек, аудан жастары әрдайым жаңашылдықты жар салып жүреді.

Бүгінде аудан жастары қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күресуге барынша кіріскен. Жуырда олар жастар санасында серпін туғызар ауқымды шараны жүзеге асырды.
Қаратал ауданының белсенді жастары Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы “Жетісу - адалдық алаңы” жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, “Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру” атты ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді. Шара барысында “Жетісу адалдық алаңы” жобаларымен таныстырылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңыздылығы кең көлемде тарқатылып таныстырылды.

Автор:
М.Мақсым.