Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру


20 августа 2021, 09:20 | 1 173 просмотра



Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақжайық Кілтбаева пробация қызметі бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында орталық директоры А.Мұратқызы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша түсініктеме берді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Бұл мақалада сіз Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыты бойынша түсініктемелер таба аласыз, қатысу үшін қайда бару керегін және ол үшін қандай құжаттар пакетін жинау керегін білесіз.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері:
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту;
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту;
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру;
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу;
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту;
«Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
«Еңбек» бағдарламасының мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
4) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
Мемлекеттік бағдарламаның қатысушылары - Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары туралы түсіндіріп.
Кездесу соңында жұмыссыз И.Ветлугинге өзінің келісімі бойынша «Когер ЛТД» ЖШС-не тұрақты жұмысқа жолдама берілді.

 

Автор:
А.Миронова