20 августа 2021, 09:11 | 1 240 просмотров
Бүгінде қазақ елінің түтіні түзу, тұрмысы жайды, тіршілігі қарқынды. Олай болатын өзіндік себебі де бар. Өйткені Қазақстан бүгінде тәуелсіз, әлемдік аренада өзіндік беделі бар мемлекетке айналған. Қазақ мәдениетінің қалыптасуына едәуір еңбек сіңірген Темірбек Жүргенов «Жерұйық» мақаласында қазақ даласы бұрын соңды болмаған мамыражай кезеңге тап болғанын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туғанын әспеттеп, сонау кеңес заманындағы елдің болмысын суреттеген болса, бүгінгі тәуелсіз елдің даму динамикасын бір ауыз сөзге, бәлки мақалаға сыйдыру мүлдем қиындау болар.
Бірақ өзімізше таразылап көрелік. Жалпы, еліміздің дамуын бажайлау үшін ат арытып алысқа барудың қажеті шамалы. Бастысы ауылдық жердің бүгінгі ахуалына көз жүгіртсе жетіп жатыр. Шыны керек, біздің танымда ауыл – қазақтың алтын қазығы, тал бесігі. Бағзы заманнан қалыптасқан өркениет үдерісі ел жұртының тұрмыс-тіршілігін, болмыс-бітімін әлі де сол ауылмен байланыстырып тұр. Содан шықса керек, былайғы жұрт «ауыл гүлденгені - елдің көркейгені» дегенді жиі сөз етеді. Жалпы Қаратал ауданына қарасты Жолбарыс батыр ауылдық округіндегі қарымды тірлікті бағамдап-ақ, елдің, өңірдің дамуы деңгейін таразылауға болады. Шыны керек, соңғы уақыттарда атаулы ауылдың тынысы кеңіп, қамбасы астыққа, қырманы ырысқа толып, бақ-берекесі тасып, тұрғындарының несібесі молайып келеді. Қара жерге маңдай-терін төгіп жүрген ауыл еңбеккерлері елді мекеннің көркейіп, керегесі кеңеюіне септесіп жүр.
Ауыл жайында сөз қозғағанда еліміздің қай бұрышындағы болмасын ауылдардың өткені көз алдымызда кино лентасындай таспалана түседі. Аз-кем тоқталар болсақ, өткен ғасырдың соңғы жылдарында елімізде болған саяси жағдайлардан соң ауылдардың тұрмысы тұралап, сондағы ағайын ала дорба арқалап, уақыт талабына сай ірі орталықтарға, іргелі қалаларға ағылды. Қалай дегенмен, күн көрістің қамы соған итермеледі. Нәтижесінде ауылшаруашылығы түйіні көп, күрмеуі қиын мәселелерге тап болды. Тозығы жеткен техника еңбеккерлердің егін егуге мүмкіндігін азайтса, тұқымның тозығы жетуі де өнімділікті мардымды етпеді. Егін алқаптары тоз-тозы шығып, көрсеткішті кейін сүйреді. Маман тапшылығы да өнімділікке кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығы да кері кетіп, кезінде еселі өнімділік тудырған фермалар қаңырап, есігіне қара құлып түсті. Мұндай ахуалдан кейін ауылдағы ағайын ала дорба арқалап, қала жағалады, базар жағалады. Ел үмітін арқалап, билікті тізгінге алған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев ауылдың іргесі бүтінделмей, сондағы ағайынның жағдайы келіспей елдің өркендемейтінін нық аңғарғандай.
Нәтижесінде 2003-2005 жылдары елімізде «Ауыл жылы» жарияланды. Реформалы жылдардың нәтижесінде қазақтың «алтын бесігі» бірсыпыра жөнге келді. Ауылды дамыту мұнымен тоқтап қалмады. «Алтын бесіктен» ұзап кеткендерді, ауылға қажетті мамандарды тарту мақсатында түрліше бағдарламалар дүниеге келді. Соның бірі де, бірегейі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы еді. Бұл үдерісті жобаның мақсаты – жоғары білікті жастарды ауылда тұруға, сол ауылдың әлеуетін көтеруге жағдай жасау еді. Әрине, «алтын бесіктегі» кәсіпкерлікті дамыту үшін де сан түрлі бағдарламалар дүниеге келді. Одан өзге Елбасының бастамасымен елді мекендерде тіршілік етіп жатқан ағайынның тұрмысын түзеу үшін де сан бастама қолға алынды. Түрлі әлеуметтік бағдарламалар, экономикалық жобалар әлі де жүзеге асып келеді. Елбасы бастаған істі ел президенті Қ.Тоқаев жандандырып, ел экономикасының локомотивін одан әрі ілгерілетуге атсалысуда. Мұны президенттің «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», - деген сөзінен аңғаруға болады.
Бірліктің арқасында
берекесі тасыған
Кезінде дәулеті тасып, берекесі мен бағы жайнап, кейін қиын-қыстау шақты тудырған нарықтық экономикаға көшу салдарын сезініп, бүгінде ынтымағы һәм тұрмысы жарасты ауылға айналған елді мекендердің қатарында Қызылбалық ауылдық округі бар. Бұл ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына Елбасының және ел президенті Қ.Тоқаевтың сындарлы саясаты нәтижесінде атқарылып жатқан түрлі бағдарламасы септесуде. Бұл сөзімізді ешкім де, ешқашан да жоққа шығара алмас. Өйткені, елімізде Елбасыдан, одан кейін Қ.Тоқаевтан асқан саяси көсем, реформаторлар шыққан жоқ.
Шынтуайтыны керек, Қаратал ауданы бойынша әлеуетті ауылдық округтердің көшін Жолбарыс батыр ауылы бастап тұр. Бүгінде бірлігі бекем, тұрмысы түзу ауылдың тіршілігіне көз қызығады. Ауылдық округ әкімі Ермек Досанаманов елді мекенде мемлекеттік саясатты жүйелі жүзеге асырып келеді.
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Заман талабына сай тиімді мемлекет – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» - тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деген еді. Соған біздер қашанда айтулы табыстарға жетістіктерге қол жеткізу үшін жаңашылдыққа ұмтылып, мемлекетіміздің жоспарланып бекітілген саясатын ұстануға және қолдау басты міндетіміз. Сонымен қатар тұрғындар арасында мемлекетіміздің саясатын тұрақты насихаттап оның іске асуына тікелей атсалысуымыз керек. Тыныштық пен бірліктен асқан байлық жоқ. Бүгінде ауылымыз көркейіп, көріктеніп келеді. Мұның бәрі бірлікпен тірлік еткеннен. Шыны керек, қай кезде де ауылымыз мемлекет қарауынан қалыс қалған емес. Ел президенті Қ.Тоқаев «ауылдағы ағайынның қолайлы ортада өмір сүруі тиіс», - деген еді. Біздің ауылдық округ тұрғындарының қолайлы ортада өмір сүруі үшін бар жағдайды жасап келеміз, - деді ауылдық округ әкімі Ермек Досанаманов.
Жалпы бұл ауылдық округтің аумағы 8357 гектарды алып жатыр. Әкімшілік құрылымның құрамында Қанабек, Қарашенгел, Айдар ауылдары бар. Ауылдық округ тұрғындарының саны 2835 адамды құраса, олар 596 шаңырақ аясында тіршілік етуде.
Шынтуайтыны керек, Қаратал ауданы бойынша ең алғаш Жолбарыс батыр ауылдық округіне газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді. Бұл игі іс 2020 жылдың қараша айынан бастау алды. Бүгінде Қанабек ауылындағы газ тарту жұмыстары 95 пайызға аяқтау алуда. Бүгінде Кәлпе ауылында газ құбырларының бастапқы әр көше бойына құбырлар жүргізілуде. Үстіміздегі жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы негізінде ауылдық округ аумағындағы жеті көшеге асфальт төсеу жоспарланған еді. Тап қазір атаулы жеті көшеден тыс үш көшеге, жалпы он көшеге асфальт төселіп жатыр. Ауылдық округ мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, К.Байсақов, Б.Римова, Тентек көшелеріне асфальт төселіп, ауылдық округ тұрғындары тақтайдай тартылған тегіс жолдың пайдасын көруде. Ал, жоспарланған қалған көшелерді асфальтау қыркүйек айына дейін аяқталады екен. Ауылдық округ мамандары ауылдық округтегі жол сапасы атаулы жұмыстар нәтижесінде біршама жақсара тыныш айтады Сондай-ақ, ауылдық округке қарасты Қалпе ауылы маңындағы Жолбарыс батыр Жылқайдарұлының кесенесі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Бұл жұмыстар батыр, би, әулие бабаның 350 жылдығы аясында жүзеге асуда. Ж.Жылқайдарұлының ұрпақтары ұйымдастырған қор жанынан бөлінген қаржыға жасалып жатқан жаңғырту жұмыстары бүгінде бірсыпыра атқарылған. Жақында құрылысшылар кесененің күмбезін орнатты. Одан әрі қасбетін әрлеу, қалпына келтіру жұмыстары да тәмамдалып қалған. Атаулы жұмыстар аясында батыр һәм бидің кесенесі маңы қоршалып, маңайы абаттандырылады.
Жалпы ауылдық округ аумағында екі орта және бір орталау мектеп бар. Бүгінде атаулы білім ұяларында 412 оқушы білім құдығын қазуда. Тарқата түссек, Қалпе орта мектебінде 216 оқушы білім алады. Олардың заман талабына сай білімді және білікті, қарымды һәм алымды тұлға қалыптастыру жолында 30 мұғалім аянып жатқан жоқ. Ал, Қанабек орта мектебінде 15 оқушы білім нәрімен сусындаса, оларға 21 ұстаз білім береді. Сондай-ақ, Қарашеңгел орталау мектебінде 11 ұстаз тер төгуде. Осы мұғалімдердің тәлімін 27 оқушы алуда.
Тыныс кең,
өркені ауқымды
Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындары әлеуетті. Мұнда 284 зейнеткер бар. Олар ауыл жастары мен балаларының тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда үлкен миссия орындауда. Бұл зейнеткерлердің ішінде 40 ауыл тұрғыны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда еңбек еткендер. Ауылдық округ әкімдігі ауылдағы ағайынның жайына болысып жүр. Бүгінде мұнда 3 топтағы 21 мүгедек, 2 топтағы 20 мүгедек, 1 топтағы 6 мүгедек тұрғын болса, 6 тұрғынның туа бітті мүгедектігі бар. Оларды әкімдік тарапы үнемі назарда ұстайды. Ауылдық округте таза ауыз су аса мәселе емес. Өйткені мұндағы ағайынның дені ауыз су тапшылығын сезінбейді. Бүгінде орталықтандырылған су құбырына Қалпе ауылында 274 шаңырақ, Қанабек ауылында 85 шаңырақ, Қарашеңгел ауылында 27 шаңырақ, Айдар ауылында 15 шаңырақ қосылған. Жалпы, бұл ауылдық округтегі 591 шаңырақтың 349-ы орталық су құбырынан үйіне су кіргізіп алған. Ауыл тұрғындарының имандылығын қалыптастыруда 3 мешіттің діни қызметкерлері аянып қап жатқан жоқ. Олар үнемі ауыл жастарын адамгершілікке, имандылыққа, бірлік пен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеп келеді. Шынтуайтыны керек, ауылдық округ тұрғындары ғаламторға қолы жеткен. Бүгінде мұндағы 247 шаңырақ интернетті еш алаңдаусыз пайдаланып келеді. Ұялы байланыс та мұнда аса мәселе емес.
Ауылдық округте ауылшаруашылық мақсаттағы 8140 гектер жері бар. Оның 2276 гектары егін егуге бағытталса, 3339 гектары жайылымға негізделген. Жайылым дегеннен шығады, ауылдық округте 4400 бас мүйізді ірі қара, 6000 бас уақ мал, 720 бас Қамбар ата тұқымы бар. Ауылдың әлеуетті шаруашылығының бірі «Шаяхметов» шаруа қожалығы мен «Құлдыбаев» шаруа қожалығы «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 91 млн. теңге несие алып, бірі 91 бас, екіншісі 85 бас асыл тұқымды сиырды Ресейден әкелген.