Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Автокөлікті қайта тіркеуді Egov порталы арқылы онлайн режимінде жүргізуге болады


20 августа 2021, 09:05 | 1 220 просмотров



Егер көлігіңізді сатуды ұйғарып, тіпті сатып алушыны да тауып қойсаңыз, автокөлікті Egov порталы арқылы онлайн қайта рәсімдеңіз. Қызметтің порталдағы атауы: «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру». Қызметті тапқаннан келесі қадамдарды орындау керек.
1️⃣ Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
2️⃣ Сұранымды толтырып, сатып алушының ЖСН-ін көрсетіңіз
3️⃣ ЭЦҚ көмегімен сұрауға қол қойыңыз
4️⃣ Сатып алушының растауын алыңыз
5️⃣ Жеке кабинетте қызмет көрсету нәтижесімен танысыңыз
Өз кезегінде Сатып алушы Egov-қа кіріп, барлығын растап, мемлекеттік бажды төлейді.
Сұранымды келісу үшін сатып алушының ЭЦҚ-сы болуы қажет. Содан кейін ол мемлекеттік нөмірді таңдап, порталда мемлекеттік баж салығын төлейді. Мемлекеттік баж құны-12 545 теңге (2021 жылы), қызмет көрсету уақыты – 1 сағат.
Барлық талап орындалғаннан кейін сатып алушы мамандандырылған ХҚО-ға баруы керек. Өзімен бірге ол мемлекеттік баж төлеу және жинау туралы түбіртекті, көлік құралын тіркеу актісін, мәміленің электрондық нысан құжатын, сондай-ақ ескі нөмірлер мен техпаспортты ала баруы тиіс. Егер барлық құжат дұрыс болса, сатып алушы автокөлікті тіркеу туралы куәлікті және жаңа нөмірлік белгілерді алады.

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы Алматы облысы