Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жүрегі алтын адам


19 августа 2021, 12:04 | 1 193 просмотра



Әдетте медицина қызметкерлері жайлы әңгіме қозғала қалса ойға бірден  ақ халатты абзал жандар, адам жанының арашашысы деген сөздер оралады. Иә, күн демей, түн демей халықтың, елдің басты байлығы-денсаулық  күзетінде тұрған жандар туралы не  айтсақ та артық бола қоймасы  даусыз.

Біз сөз етіп отырған мекеме  ЖШС «АкваМЕД» Оңалту санаториялық комплекс І инсульт, арқа немесе  бас миы ауруларына ұшыраған науқастарды емдеу мақсатында 2020 жылы  құрылған жоғарғы мамандарылған сауықтыру мекемесі. «АкваМЕД» Оңалту санаторилық комплексінде Боралдай Минаралды бұлағын пайдаланатын әлемдік озық  әдістерге сүйене отырып  науқастарды  емдеу жолында  тәулік бойы жұмыс жасайтын  және күндізгі оңалту бөлмелері бар. Науқастардың  аурудан толық жазылып шығуына көмек беретін жоғарғы білімді маман дәрігерлер жұмыс жасайды. Орталықта трамватологиялық, ортопедиялық, кардиологиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық, ребилитологиялық орталықтарда жоғарғы санаттағы дәрігерлер білікті  дәрежеде қызмет көрсетеді. Осы мекемені құрушы, аяғынан тік тұрғызушылардың бірі мекеменің бас дәрігері, Семей  қаласындағы Медицина  институтын педиатр-дәрігер, С.Д.Асфендияров атындағы КАЗНМУ-ын  провизор-дәрігер мамандығы бойынша бітірген «Гиппократ» ордерінің иегері,  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Алтын жүрек», «Мейірімдік жүрек» төс белгілерінің иегері Сүлейменов Бекболат Қиянатович   мырза  туралы.

Жылы жүздерімен  жан жарасын жазып, епті қолдарымен тәнге дауа қондырған,  адам тағдыры үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ажалдан арашалайтын көптеген адамдардың сауығып кетуіне себепкер жандардың бірі, шықпас жанға бірінші - Құдай, екінші  ақ халатты дәрігердің  , халықтың алғысын арқалап жүрген ұжымның жетекшісі Бекболат Қиянатовичтың халық арасында беделі үлкен.   Бұл еңбекпен, маңдай термен келген құрмет.  

«Акво Мед» Оңалту орталығында  ауруларға өте жақсы жағдайлар жасалынған. Сүлейменов Бекболат Қиянатович  мырза бастаған ұжымның әр мүшесі өз істеріне өте мұқиятпен қарап, ілтипатпен, кішіпейілдікпен қызмет етеді. Емдерінің шипасы  өте көп. Алланың нұры  жауып, еңбектеріңіз табысты болсын демекпіз.Зулфия Еркебаева, Жадыра Нүрланбаева, Диана Николаевна,Мария Сергеевнадай дәрігерлерге және Назгул, Толқын ханымдарға  алғысымыз шексіз деген қ азақстанның әр түпкірінен келген науқастардың  атынан ізгі ниетпен  жазылған  алғыстардың, Бокаева Асел,  Рәзия, Рая, Жанар Люда, Карибаева Ұлжан, Түрғынбекова Қарашаш  тағы басқалардың ізгі тілектерінің көптігі ұжымдағы  берекелі тірліктің, жанға шипа емнің  шипалығынан, жақсылығынан болса керек.

Арбада отырған көп ауруларда сенімсіздік, қорқыныш басым болатыны ақиқат. Төрт қабырғаға таңылып, өз-өзін тұңғиыққа тастап жіберудің, рухани мүжілудің  алдында тұрған жанды  аяққа тұрғызу қиынның қиыны. Осындай науқастарды толық қанды өмірге қайта әкелу қандай еңбек, қандай бақыт десеңізші. Міне, осындай игі істерді жасаушы Сүлейменов Бекболаттың   жүрегі ғана емес өзі де алтын адам.

Адам тағдыры үшін тер төгіп, жанына шипалық дарытқан денсаулық сақшыларының еңбегі қай кезде де құрметтеуге лайық.

Бекболат Қиянатұлы  мемлекетіміздегі әртүрлі ресми ұжымдардың, елдің алғысымен көктеп өскен азамат. Атап көрсетсек, Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын дәрігер» төс белгісімен, Қырғыз Республикасының Жоғорку аттестациялық комссиясының шешімімен «Медицина ілімдерінің Докторы»,      Медицина  ғылыми орталығының еңбек бөлімі «Медицина профессоры», Білім және ғ ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті «Медицина ғылымдарының кандидаты» атағымен, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен  жәнеде көптеген мақтау қағаздарымен марапатталған. Табыс етілген  наградалар  қоғамның шынайы  құрметі, емделушілердің  ақ жүрек алғыстары.

Сүлейменов Бекболат дәрігерлік шаңырақтардың қиындығына төзіп, жақсылығына ортақтасып мұрындық болған қаншама істері бар.

Ұлы дала даналарының бірі Қабылиса жырау  бабамыздың ұрпағына қалдырған өсиет жырын оқи отырсаңыз кеудеңізді нұрға бөлеп , адалдық пен қараулықты, адамдық пен арамдықты  таразылап өмір сүрудің шырағын қолыңызға ұстатып, жан дүниеңізді шуаққа бөлейді, тектілікке жетелейді.

Тектілік -  адамзат тарихында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қанмен берілетін игі қасиет. Тектіліктің  негізгі өлшемдерінің бірі қоғамның әр мүшесінің абыройлы  азаматқа айналуы болып табылады. Әр азаматтың тектілігі оның ізгілікке, баянды мақсаттарға ұмтылып, жақсы үлгі - өнеге қалдыруымен есептелсе керек.

Осы жасқа  жеткенше көріп зерделегенім , елімен бірге қуанып, елдің қамын ойлаған текті азаматтың аты озады.  Әрдайым атың озып жүрсін  Бекболат Қиянатұлы

Сүлейменов Бекболат  өзін-өзі сүйреп жүріп жетілген, жалындаған жастық шағынан-ақ іскерлік қабілетін көрсете білген, жетілдіре отырып, алдындағы биік мақсат жолында ақыл, қайрат, жүрек деген үш ұстанымды қатар алып жүрген азамат.

Кездесе, пікірлесе келе Бекболат Қиянатұлының бойынан  текті азаматқа тән көптеген қасиеттерді байқадым. 

Соның бірі сезімталдық. Басқалар байқамағанды  байқау, басқалар түйсінбегенді сезіне білу ақ халатты жандарға ең керекті қасиет. Емделушінің жан дүниесін сезінген дәрігердің емі шипалы.

Тағы бірі қарапайымдылық. Бастықпын деп шіренбей, лауазымына қарамай барлығымен бірдей тіл табысу ұжымды бірлікке, жемісті еңбекке жетелейді.

Адамгершілік. Басшы  адамгершіліктің ақ туын жықпаса,қалғандары да соны қайталайды. Бұл ақ халатты жандар үшін ең  ауадай қажетті қасиет.

Кешірімділік. Жұмыс барысында  жас буынның  жіберген кейбір ұсақ кемшіліктеріне  кешіріммен қарап,  жастын алдын кеспей белін буып, жарқын келешекке ұмтылуына жол ашады.

 Жақсылық. Біреуге жақсылық жасаудан жалықпа, алдыңнан шығады. Таспен атқанды аспен ату бабалар өсиеті.

Ізденімпаздық. Бүгінде Қазақстан медицинасы қаурыт даму үстінде. Кез келген жаңалыққа  ғылыми көзқараспен қарау,талдау,  жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып өмірде қолдана білу емнің шипалығын арттырады.

Талапшылдық. Жұмысты тапсыру бар ,оның мерзімінде сапалы орындалуын талап ету жемісті еңбектің кепілі.

Сүлейменов Бекболат Қиянатұлының осындай қасиеттері,  жүзінің жылығы, пейілінің кеңдігі   жан дүниеңізді шуаққа бөлейді, тектілікке жетелейді.

Еңбегің жемісті болсын жүрегі алтын азамат - Сүлейменов Бекболат Қиянатұлы.

Автор:
Бәзілұлы Сайлаубай, Көксу ауданының құрметті азаматы, Алматы облысы