Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Амбулаторлық гемодиализ бөлімі ашылды


18 августа 2021, 05:14 | 884 просмотра



Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында DN Medicus Pharm медициналық орталығының базасында амбулаторлық гемодиализ бөлімі ашылды. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар мұнда процедуралардан өтетін болады.

Ондаған науқастар бұдан былай аптасына бірнеше рет өмірлік процедуралар үшін отбасыларынан бөлінуге немесе үйден алыс сапарға шығуға мәжбүр болмайды. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, республикада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде алғашқы медициналық -санитарлық көмек көрсетіледі. Медициналық орталықтың өзінде жоғары медициналық білімі бар мамандар жұмыс істейді (терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, эндокринолог, офтальмолог, ЛОР).

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы