Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әдістемелік сабақтары өткізілді


18 августа 2021, 04:51 | 882 просмотра



Талдықорған гарнизонындағы Десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерімен әдістемелік сабақтары өткізілді.

Нұсқаулық сабақтар «Жетісу» далалық оқу-жаттығу полигонында өтті. Оған офицерлермен сержанттар қатысып өздеріне тәжірибе жинақтады. Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығынан келген комиссия әдістемелік сабақтарының тиімді және дұрыс өтуін бақылады.

Далалық полигонда оқу орындары дайындалып, офицерлер мен сержанттарға роталық тактикалық оқу-жаттығуды өткізудің кезеңдеріндегі жауынгердің атқаратын міндеттері бойынша нұсқау берілді. Сондай-ақ, жеке құраммен жұмыс істеудің әдістері мен әлемдегі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеді.

– Сабақтар барысында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды, әскери техника мен қару-жарақты дайындау мәселелерін пысықтауға ерекше көңіл аударамыз. Іс – қимыл алгоритмін дұрыс түсініп, қарамағындағы әрбір жауынгердің рөлін білуі тиіс, - деді батальон командирі капитан Ержан Спанов.

Әдістемелік сабақ ол взвод пен рота командирлерінің бөлімшені басқарудағы практикалық дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы