Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жоспарлау, кеңістікті жасақтау, шығармашылық тәсіл мен технологиялар


13 августа 2021, 06:26 | 1 314 просмотров



Жаңа оқу жылына аз уақыт қалды, демек, оқушының немесе студенттің бүкіл қажет дүниелері алынғандығын тексеретін уақыт жетті. Балалар 2021/2022 оқу жылында онлайн түрде оқыса да, мектепке барып оқыса да, оқу жылына дайындықты кейінге қалдырмаған жөн, оқу түріне қарамастан мектеп маусымы кесте бойынша келетіні анық.

Оқу көңілді әрі қызықты болуы үшін, оқудың өнімділігі мен оқушының көңіл-күйін көтеріңкі ұстау үшін баланың сабақ оқитын орнын қалай жасақтау керек? AliExpress сарапшылары оқуға арналған ең қажетті және танымал тауарлардың тізімін шығарды.  

Оқу кеңістігін ұйымдастыру

Уақыт пен кеңістікті жоспарлап, ұйымдастыру өткен жылы жаңа трендке айналды. Мысалы, тек балаларға ғана емес, ата-аналарға да оқу процесін ұйымдастыруға көмектесетін, түрлі дизайндық нұсқадағы жоспарлау-кітапшаларына сұраныс 7 есеге артқан. Тәулікке арналған жазбаларды бекітуге қолданылатын пробка дисктер  де AliExpress-те үлкен сұранысқа ие болды, оны 2021 жылдың шілде айында өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 5 есе көп сатып алған, ал оларға арналған батырма мен қыстырғыштардың сатылымы – 2,5 есеге артқан. Құжаттарға арналған органайзерлер өткен жылмен салыстырғанда 3,9 есеге көбірек сатып алынған.

Шығармашылық

Сурет салу мен шығармашылыққа арналған тауарлар да сатылымның жаңа трендтеріне айналған. Бұл санаттағы сауданың көшбасшылары скетчтерге арналған көмірлі қарындаштар болып отыр – оларға сұраныс биыл 13 есеге артқан. Сурет салуға арналған борларға сұраныс 3,7 есеге артса, желім, қайшы және қолөнерге арналған өзге де құралдардың сатылымы 2 есеге, сурет салуға арналған сәндік қағаздар, кенептер мен альбомдарға сұраныс – 1,5 есеге артқан.

Сабақ оқитын орынды техникамен жабдықтау

Қашықтықтан оқу түрі сабақ оқитын кеңістікті ұйымдастырудың техникалық жағына өзіндік өзгерістерін енгізді: оқу процесінде көптеген балалар смартфондар мен планшеттер қолданатындықтан, ата-аналар бұл процесті жеңілдетуге тырысып, балаларына ұялы телефондарға арналған пернетақталар сатып алды, оларға сұраныс 6 есеге өскен, ал құрал оқу күні ішінде қатты қызып кетпеуі үшін қолданушылар ұялы телефондарға арналған салқындатқыштар сатып алған, оларға сұраныс 3 есеге артты, ұялы телефондарға арналған тұғырлардың сатылымы 2,8 есеге өсті. Ноутбуктарға арналған USB-концентраторлар, коннекторлар мен органайзерлер сатылымы 2 есеге өсті.

Оқу материалдарын басып шығаруға арналған принтерлердің сатылымы 3,5 есеге, үстел шамдары мен жарықтандыру құралдарының сатылымы 3,3 есеге, онлайн-көрсетілімге арналған web-камералардың сатылымы 1,7 есеге өскен.

Мектепке арналған дәстүрлі құралдар

Өткен жылмен салыстырғанда AliExpress платформасында кеңсе тауарларының сатылымы 2,5 есеге өсті: ата-аналар түрлі қарындаштар, қаламдар, маркерлер мен фломастерлер, альбомдар, дәптерлер мен күнделіктер және т.б. көптеген ең қажетті оқу құралдарын жиірек сатып алған. Рюкзактардың сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.

Автор:
AliExpress баспасөз қызметі