13 августа 2021, 06:20 | 1 215 просмотров
«Адамның адамшылығы –
ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы
ұстаздан болады.»
А. Құнанбаев
Мен қазақпын дейтін әрбір адамның жүрегінің түкпірінде Абайға деген бір жылы сезім жататыны мәлім. Оның терең мағыналы өлеңдері мен әндерін, қара сөздері мен дастандарын оқып, жаттап, айтып өскен әрбір адам Абай десе елең ете қалары сөзсіз. Абайдың зиялылық шығармашылығы оның педагогикалық көзқарасымен ажырамас бірлікте. Абай адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін ағартушылық міндетін терең сезінген Жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін жан-жақты жырлап, адамзат баласының ең асыл қасиеті білім-ғылымға ұмтылу деп бағалайды. Ғылым-білімге талпыныс адамның жан дүниесімен қоса сыртқы айнала қоршаған экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екендігінің шындығын айтады. Абай – кемеңгер! Бүкіл халықтың бетке ұстар данышпаны.
Сондай-ақ, Абай көзі тірісінде өзінен кейінгі өнерлі ұрпақты әдебиетке, поэзияға жетелеген өрелі Ұстаз, Хәкім! Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері - Абай Құнанбаев. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге толы, адамның бойындағы тумысынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған. Халықты білімге, ілімге, адамгершілікке шақырған.
Ақынның ұлағатты қара сөздері - оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалары. Жалпы қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Ақынның әр шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десем артық айтпағаным. Ақын тек шығарашылығында насихаттаған адамгершілік бейнені, нағыз білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен ісімен жалғастырған адам. Абай атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен халқына жолдаған, біртуар, ұлы тұлға. Абай мұрасы - адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары.
Ақынның толық адам туралы айтқандары – жас өскінді адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып қана қоймай, соның ұшар басынан көріне білу-бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың, адами мақсат-міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт, бағдардары.
«Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ - ел келешегі, келбеті», - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің мәні ерекше. Тәрбие тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне өте қажетті мәселені көтеріп отырған Абай тағылымы арқылы оқушылардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егуді басты мақсат етіп алған ұстаздардың тәрбие құралы. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы-тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мектебізде сыныптан тыс жұмыстыры Абай әлемі тақырыбында өтеді. Сонымен қатар Ұлы Абайға арналған клуб және үйірмелер жұмыс жасайды. Әлем таныған Абай мұраларын үнемі насихатап жүреміз. Оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында Абай өлендерінен сайыстар өткеді. Мына өтпелі дәуірдің кейбір келеңсіз жағдайларының жас ұрпақтың аман алып қалудың да бірден - бір емі - Абайға жүгіну, Абайға үңілу. Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз»,- деген еді.
Бұл аталы сөздің терең мәніне үңілсек, ұлылар үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, егемен еліміздің ілгері дамыту мәселесі де алдыға шығатыны сөзсіз. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл-нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау өте құптарлық іс. Ұлы дана Абай өлсе де, Абай мұрасы мәңгілік келешек жас ұрпақтар жүрегінде. Тәлім-тәрбиесі зор. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қалай дегенмен Абай мұрасын жастар бойына сініру, тәрбиенің басты бағыты.